М. Қашқаридің «Дивани лұгат-ит түрк» еңбегіндегі түркі ойындары және олардың түркі халықтарының мәдениетіндегі орны


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 20

Авторлар

  • А.Т. Бастамитова

Кілт сөздер:

М. Қашқари, «Диуани лұғат-ат-түрік», ойын, шөген, жамбы ату, ат жарыс, балалар ойындары: асық ату, жаңғақ ойыны, тығылыспақ, мүйіз ойыны

Аңдатпа

М. Қашқаридың«Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегі орта ғасыр түркілерінің
аса бай мәдени мұрасы мен тілін терең ашып көрсететін құнды мәтін болып есептеледі. Ал ойын –түркі халықтары мәдениетінің, діни және шынайы өмірінің жарқын
көрінісі. Мақала М. Қашқаридың«Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегіндегі түркі ойындарын талдауға бағытталған. Мақала авторы тарихи-мәдени материалдар мен ескерткіш мәтіні негізінде орта ғасыр дәуірінде кеңінен танымал болған және қазіргі түркі
халықтарының ойындарымен сабақтастық орнатқан ат ойындары мен балалар ойындарын тыңғылықты зерттейді.Автор ат ойындары мен балалар ойындарының негізгі
құрылымдық компоненттерінтүрлі тілдік бірліктерарқылы ашып көрсетеді, ескерткіште ұшырасатын ойындарға тілдік және тарихи-мәдени талдаулар жүргізеді. Мұндай ойындардың санатынан шөген, жамбы ату, ат жарыс, асық ату, жаңғақ ойыны,
тығылыспақ, мүйіз секілді ойындар көрінеді. Соңғы балалар ойыны өз дәуіріне ғана тән
ескерткіштің мәдени дефинициясы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

11.09.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бастамитова, А. . (2020). М. Қашқаридің «Дивани лұгат-ит түрк» еңбегіндегі түркі ойындары және олардың түркі халықтарының мәдениетіндегі орны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 132(3), 30–35. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/547

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар