1867-1918 жж. қазақтардың деректік тарихы: Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві қорлары негізінде
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
«Түркістан генерал-губернаторы кеңсесі», «Түркістан генерал-губернаторы жанындағы дипломатиялық шенеунік», «Бұхарадағы Ресей Императорлық саяси агенттігі» қорлары; деректану; архивтік құжаттар; әкімшілік-құқықтық құрылым; басқару; халық мобильділігі; Қазақстан және Орталық АзияАңдатпа
Мақалада Қазақстан мен Орталық Азия тарихына қатысты Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің қорларында сақталған 1867–1918 жж. «И-1. Түркістан генерал-губернаторы кеңсесі», «И-2. Түркістан генерал-губернаторы жанындағы дипломатиялық шенеунік» және «И-3. Бұхарадағы Ресей Императорлық саяси агенттігі» қорларынан анықталған архивтік істер ұсынылып, талдамалық тұрғыда зерделенеді. Қарастырылған материалдар құрамына нормативтік-құқықтық актілер, статистикалық ведомостер, қызметтік хат алмасулар, өтініштер мен шағымдар, сондай-ақ фискалдық тәжірибелерді, жер дауларын, сот рәсімдерін және қазақтар, қырғыздар, өзбектер, түрікмендер, қарақалпақтар және басқа этникалық топтар қоныстанған өңірдегі халықтың көші-қон қозғалысын бақылау тетіктерін сипаттайтын құжаттар кіреді.
Мақаланың мақсаты – жаңа дереккөздерді анықтау, олардың қазақ халқы, сондай-ақ өңірдегі өзбек, қырғыз, қарақалпақ және түрікмен халықтарының әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және демографиялық үдерістерін зерттеудегі талдамалық әлеуетін ашу және 1867–1918 жылдардағы Түркістан өлкесіндегі тарихи дамуды көрсету. Қойылған мақсат аясында Кеңсе құрылымы талданып, құжаттардың негізгі тақырыптық топтары айқындалады және нақты архивтік істер негізінде отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы басқару рәсімдері мен күнделікті өзара әрекеттесу формаларын қайта құру мүмкіндіктері көрсетіледі.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



