XVIII-XX ғғ. Хиуа (Хорезм) аймағындағы қазақтардың тарихы
Қаралымдар: 89 / PDF жүктеулері: 51
Кілт сөздер:
Кіші жүз қазақтары, Хиуа хандығы, қазақтардың қоныстану ареалдары, саны, Түркістан өлкесі, Әмудария бөлімі, Хорезм Республикасы, Қарақалпақстан, Қазақ-Қарақалпақ автономиялы облысы.Аңдатпа
Мақалада ХVІІІ ғасырдың ортасында Хиуа хандығының территориясын мекендеген қазақтардың, негізінен Кіші жүздің тарихы талқыланады. Бұл өлкедегі қазақ
руларын Кіші жүз хандары басқарды. Кейіннен ХІХ ғасырдың ортасында патша өкіметі
өлкені отарлап алғаннан кейін Хиуа хандығы Түркістан генерал-губернаторлығының
құрамына енді. Қазақ халқының бір бөлігі Түркістан облысының Әмудария бөліміне
бекітілді. Кеңес өкіметі жеңіске жеткеннен кейін бұл аймақ Хорезм Республикасы болып өзгертілді. Мақалада өлкенің саяси-қоғамдық өмірі, қазақ халқының қоныстанған
аудандары мен саны, олардың экономикалық құрылымы, жергілікті билік органдарымен
және өлкенің басқа этностарымен қарым-қатынастары қарастырылған.
Мақаланың негізгі оқиғалары XVIII ғасырдың басынан Қазақстан мен Орта Азияның
1925 жылғы әкімшілік-территориялық шолуына дейінгі кезеңді қамтиды. 20-жылдардың ортасына қарай Кеңес үкіметі өлкеде ұлттық мемлекеттер құру туралы шешім
қабылдап, осы мақсатта Хиуа хандығы дәуіріндегі қазақ руларының демографиялық деректерін (халық санағы, т.б.), олардың қоныстанған аймақтары, және т.б. экономикалық өмірдің дамуы зерттеліп, талданды. Сонымен қатар облыстың ұлттық-территориялық межелеуін дайындау кезіндегі қоғамдық-саяси (жергілікті және орталық
атқарушы органдарды құру, сайлау мен тағайындаулар, т.б.) және көші-қон процестері
қарастырылады. Кеңес өкіметі жылдарында (1917-1925) Хорезм Республикасының құрамында Қазақ-Қарақалпақ Автономиялық облысының алғашқы мемлекеттік құрылымын құру туралы белсенді позицияны қазақ халқының көсемдері Қазақ АССР-не қосылуды жақтады. Мақалада Қарақалпақстан архив құжаттары мен ғылыми басылым
материалдары кең пайдаланылды.