Моңғолиядағысаясиқуғын-сүргінкезіндегіқазақхалқыныңқайғылытағдырыназаманауи көзқарас


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

  • С.Б. Омаш
  • К.И. Кобландин

Кілт сөздер:

саяси қуғын-сүргін себептері; моңғол қазақтарының тарихы; коммунистік интернационал; Сталин; Чойбалсан

Аңдатпа

Тарихи материалдарға сүйене отырып, мақалада XX ғасырдағы қазақ халқының басына
түскен ең қорқыныштытрагедия – көптеген азаматтарымыз құрбан болып, атылған сталиндік репрессия
зерттеледі. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихының қасіретті беттері көп. Соның бірі – бұрынғы Кеңес
Одағы кезіндегі қудалау мәселесі. Бұл тарихи оқиға Моңғолия қазақтарын да айналып өтпеді. Моңғолияның саяси дамуына ішкі саяси күрес, Коминтерннің ықпалы, 1930–1940 жылдардағы Моңғолиядағы
саяси қуғын-сүргіндер айтарлықтай әсер етті. Зерттеу шетелдегі қазақ тарихының маңызды саласының
бірі – Моңғолия қазақтарының, оның жекелеген өкілдерінің қалай қуғын-сүргінге ұшырап, қалай жазаланғанын талдауға арналған; қуғын-сүргін жылдарындағы халықтың ауыр жағдайы, оның зардаптары
мен жекелеген қазақтың тағдыры суреттеледі. Саяси қуғын-сүргін оппозицияға қарсы ішкі саяси күрестің құралына айналды, сондай-ақ, билік үшін күресте жеке өш алу мен Х.Чойбалсанның күшін нығайтудың құралы болды. Тарихнамада түрліше бағаланған Моңғолиядағы саяси процестерге ерекше назар
аударылады.
Автор саяси идеологиялық қайнар көздерді, жаппай қуғын-сүргіннің себептерін анықтап, зиялы қауым, байлар, ұлттық буржуазия, ламалар мен молдалар сияқты жеке тұлғалардың қайғылы тағдырын
сипаттады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омаш, С., & Кобландин, К. (2022). Моңғолиядағысаясиқуғын-сүргінкезіндегіқазақхалқыныңқайғылытағдырыназаманауи көзқарас. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 141(4), 125–130. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/385

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану