Армян-қыпшақ тіліндегі зооморфты мақал-мәтелдер: семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-227-236

Кілт сөздер:

армян-қыпшақ тілі, паремиология, зооморфты мақал-мәтелдер, метафора, семантика, типология, жиілік талдауы

Аңдатпа

Мақала армян графикасымен хатталған армян-қыпшақ тіліндегі зооморфты мақал-мәтелдердің лингвомәдени, құрылымдық және семантикалық табиғатын кешенді түрде сипаттауға бағытталған.

Армян-қыпшақтар – бүгінгі таңда тарихшылар да, тілді зерттеушілер де «армян-қыпшақ» терминін ұстанатын, өз дәуірінде христиан дінінің армян-григорян бұтағын діні ретінде қабылдаған қыпшақтар. Деректер көрсеткендей, армян-қыпшақ тілін таратушылар өз тілдерін «хыпчах тілі», «біздің тіл», «татарша» деп көрсеткен. Қазіргі уақытта армян-қыпшақ тілінде жазылған, 1521-1669 жылдарға тиесілі 112 жазба ескерткіш көлемді ғылыми жазбалардың жиынтығын қалыптастыруда. Бұл армян-қыпшақ ескерткіштерінің мәдени маңыздылығының жоғарылығын айғақтай түсері ақиқат.

Орта ғасырға тиесілі бұл паремиологиялық мұра григориан қыпшақтарының әлеуметтік тәжірибесін, дүниетанымдық бағдарын және сол кезеңдегі тілдік жүйесін тануға мүмкіндік беретін маңызды дереккөз болып табылады. Зерттеу материалын жануар атаулары қатысатын паремиялық бірліктер мен олардың түркі тілдеріндегі баламалары құрады. Жұмыс барысында сипаттамалы талдау, тарихи-салыстырмалы әдіс, құрылымдық-семантикалық тәсілдер, сондай-ақ мақал-мәтелдердің қолданыс жиілігін анықтауға бағытталған статистикалық талдау қолданылды.

         Мақал-мәтелдердің метафоралық моделі, синтаксистік құрылымы мен семантикалық өзегі талданып, жиілік көрсеткіштері армян-қыпшақ қауымының этикалық, мінез-құлықтық және әлеуметтік құндылықтарын танытуда зооморфты бейнелердің маңызын айқындады. Зерттеу нәтижелері армян-қыпшақ паремиологиясының жалпытүркілік дәстүрмен тығыз сабақтас екенін және оның мәдени-танымдық жүктемесінің жоғары екенін дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жиембай B. ., & Серікқазықызы A. . (2026). Армян-қыпшақ тіліндегі зооморфты мақал-мәтелдер: семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 227–236. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-227-236

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Most read articles by the same author(s)