М. Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі тағам атауларының қазіргі түркі тілдеріндегі қолданысы
Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 143
Кілт сөздер:
орта ғасыр, жазба ескерткіш, Махмұт Қашқари, «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегі, этимология, ас-тағам атауларыАңдатпа
Тамыры терең түркі өркениетін жаңғырту жолында түбі бір түркі халықтарының өткен тарихы, тілі, әдебиеті, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, мифологиялық діни наным-сенімдері мен материалдық құндылықтарынан хабар беретін жазба ескерткіштерді қай қырынан болмасын зерттеп-зерделеу маңызды орын алады. Тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ мұрасы болып саналатын Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрік» еңбегі тілін жан-жақты саралау, орта ғасырлық түркілердің дүниетанымы мен болмысын ашып көрсететін тілдік бірліктердің этномәдени мазмұнын ашу өзекті мәселелердің қатарына жатады. Мақалада Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегіндегі («Түрік сөздігі») тағам атауларының сандық-тақырыптық жіктелімі жасалып, олардың этимологиялық негізі қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.