Ұлттық университеттегі орнықты даму архитектурасын қалыптастыру: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құжаттары мен тәжірибелерін талдау
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-186-196Кілт сөздер:
орнықты даму, университет, климаттық саясат, орнықты сатып алулар, ESG, БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары, теңдік, әртүрлілік және инклюзия саясаты, жасыл кампус, шығарындыларды басқару, институционалдық стратегияАңдатпа
Мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстандағы экономиканы жаңғырту, энергетикалық көшу және жоғары білім беруді реформалау жағдайында ұлттық деңгейдегі «орнықты университет» моделін қалыптастырудың кешенді мысалы ретінде қарастырылады. Зерттеу негізін университеттің ішкі құжаттары құрайды: парниктік газдар шығарындыларын үш санат (Scope 1, 2, 3) бойынша есепке алуға негізделген климаттық саясат, ұлттық заңнама мен ISO 20400 және ISO 14001 стандарттарына сүйенетін орнықты сатып алулар саясаты, теңдік, әртүрлілік және инклюзия (EDI) саясаты, орнықты даму жөніндегі есеп пен оны іске асыруға арналған іс‑шаралар жоспары. Бұл құжаттар БҰҰ‑ның Тұрақты даму мақсаттарымен, ESG тұғырнамасымен және парниктік газдар жөніндегі халықаралық протоколмен үйлестірілгені көрсетіліп, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық өлшемдерді қамтитын көпдеңгейлі орнықты даму архитектурасының қалыптасқаны дәлелденеді. Климаттық блокта Scope 1-3 бойынша шығарындыларды есептеу, көміртек ізі мен ресурстарды (энергия, су, қағаз, қалдықтар) азайтуға қатысты сандық мақсаттар анық бекітілгені, бұл университетті халықаралық тәжірибеге жақындататыны айқындалады. Сонымен қатар, орнықты сатып алулар мен EDI салаларында қағидаттар айқындалғанымен, өлшенетін индикаторларды, жүйелі мониторинг пен есептілікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтіледі. Қорытындыда ЕҰУ‑дың тәжірибесі ESG қағидаттарын кампустық басқару, білім беру бағдарламалары және ғылыми‑инновациялық қызметпен ұштастыратын «орнықты университет» моделіне жақындауды көрсететіні, сондай‑ақ барлық бағыттар бойынша бірыңғай мақсаттар мен индикаторлар матрицасын құру келесі кезеңдегі басты міндет болып табылатыны тұжырымдалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




