Мировой опыт участия неправительственного сектора в государственных делах
Просмотры: 31 / Загрузок PDF: 17
Ключевые слова:
үкіметтік емес ұйымдар, демократияландыру, қоғам, мемлекет, үшінші сектор.Аннотация
Кез келген мемлекеттің саяси жүйесін либерализациялау азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге
араласу деңгейін арттыруға ғана бағытталып қоймай, сондай-ақ, оның ел Конституциясында белгіленген
нормалар аясында мемлекеттік қатынастар жүйесіне бірігуіне жол ашуға тиіс.
Бұл ретте, үкіметтік емес ұйымдарды (бұдан әрі – ҮЕҰ) дамыту трансформацияланатын қоғамның
ажырамас бөлігіне айналып, азаматтық қоғам институттары мен билік арасындағы өзара ықпалдастық
тәсілдерін арттырады. Сондықтан соңғы кездері ҮЕҰ әлеуметтік, экономикалық және саяси бағытта дамудың
үдерістерін айқындауға бағытталған зерттеулер нысанына айналып отыр. Осыған орай, үшінші сектордың
орнықты дамуын қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесіне назар аудару мақсат етіп қойылды.