Қазақстан Республикасы жастарының саяси мәдениеті: беталысы және келешегі


Қаралымдар: 43 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • Б.А. Габдулина
  • М.М. Ықылас

Кілт сөздер:

Қазақстан жастары, мемлекеттік жастар саясаты, Елбасы жолдаулары, саяси білім беру, ұлттық идеология, саяси мәдениет.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасындағы, яғни еліміздегі жастарға саяси білім беру, ұлттық идеологиямызды олардың санасына сіңіру, сол арқылы саяси мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың жаңашыл тәсілдеріне өту қажеттігі айтылып, осы бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі сауалнама қорытындыларымен салыстырыла отырып баяндалады.Жәнесаяси мәдениетті арттырудағы Елбасымыз Н.Назарбаевтың жолдауларындағы жоспарлар, мемлекеттік ұйымдар мен түрлі жастар ұйымдарының іс-шаралары қарастырылады. Жастар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданатындықтан, жастар ұйымдары бірреттік шараларды өткізуден бас тартып, жастардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған жұмысты күшейтуі, бұның бәрі бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)арқылы, әлеуметтік желі арқылы таратылуы керек деп тұжырымдалады. Ақпараттандыру жұмысына жастар ұйымдары баса назар аудару қажет. Зерттеу барысында сауалнамалар арқылы жүргізілген жұмыстар еліміздегі жастардың өзінің саясатқа араласу, қатысу мүмкіндіктерін жоғары бағалайтынын көрсетті, жастардың саяси белсенділігі статистикасыныңмәселелері қамтылды. Жастардың саяси белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін, отандық саясатты талдап, таразылайтын кітаптардың аздығы мен теледебат секілді саяси пікірталас алаңдарының жоқтығы да мақала тақырыбына өзек болады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Габдулина, Б., & Ықылас, М. (2018). Қазақстан Республикасы жастарының саяси мәдениеті: беталысы және келешегі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 125(4), 8–14. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/369

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)