Саяси коммуникацияны зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 179
Кілт сөздер:
Саяси комуникация, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық пікір, саяси технология, саяси лидер, саяси лидер имиджі.Аңдатпа
Бүгінгі таңда саяси коммуникация, қоғамдық пікір терминдері саясаттану
ғылымының өзегі деуге болады. Мақалада саяси коммуникация, қоғамдық пікір, қоғамдық пікірге ықпал ету сияқты түсініктердің теориялық-методологиялық негіздері қарастырылады. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы саяси коммуникацияның, қоғамдық сананың
өзектілігі мен маңыздылығына баса назар аударылған. Саяси коммуникацияның қоғамдық санаға ықпал ету тетігі ретінде ғалымдардың ұстанымдары, тұжырымдамалық
идеялары қарастырылып, талданады. Бүгінгі таңда әлемдік саяси процесте қоғамды,
қоғамдық сананы объект ретінде түрлі мақсатта, түрлі саяси технология арқылы шебер қолданып, тиісті «өнімін» алып жатқанын байқап отырмыз. Десек те, ықпал ету
тетіктерін аталған объектінің мүддесіне орай да пайдалануға болатынын атап өткен
жөн. Саяси коммуникацияның қоғам дамуына ықпалы, оны оңтайлы пайдалану механизмдері бүгінгі таңда ғылыми тұрғыда өзекті болып қала бермек.