Армян жазуының дала көшпелілері өкілдері тарапынан қолданылу ерекшеліктері
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-363-374Кілт сөздер:
Армян-Қыпшақ жазуы, әліпби, жазу тарихы, түрік халықтары, қыпшақ, төре бітік, ҚырымАңдатпа
. Мақалада дала көшпелілерінің белді өкілі саналатын қыпшақтардың қолданған армян жазуы мәселесіне тоқталып, жазу тарихындағы орны анықталады. Қыпшақтардың армян жазуын қолдану кезеңдері талданып, нақты жазба ескерткіштер тілі негізінде жазудың қызметі жазу тарихы ғылымы мен мәдениеті шеңберінде қарастырылды. Шығыс Еуропа мен Қырымдағы армян-қыпшақ жазба ескерткіштеріне қысқаша сипаттама беріліп, осы ескерткіштердің тіліне қатысты пікірлер талданады. Армян жазу таңбаларының қыпшақ тілі фонологиясы негізінде қолданылу ерекшеліктері, жазу таңбалары мен фонологиялық байланысы ашып көрсетіледі. Осы мәтіндермен жұмыс істеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалып, олардың мәтінмен жұмыс барысында транслитерация, транскрипция жасау кезіндегі мәселелеріне талдау жүргізіледі. Қыпшақтардың армян жазуын қолдану кезеңдерін зерттеу тіл тарихындағы жаңа деректерді ашады және бұл жазу жүйесінің функционалдық ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштерінің тіліне қатысты пікірлердің талдауы ғалымдар көзқарастарының жан-жақты екенін көрсетеді және олардың зерттеу әдістерінің дамуын бейнелейді. Ғалымдардың транслитерация және транскрипцияға қатысты туындаған қиындықтары қазіргі филологияның өзекті мәселелерінің бірі ретінде қарастырылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.