Мәмлүк қыпшақтары лексикасының қазіргі қазақ тіліндегі қолданысы («Китаб-и межму-и тержуман-и турки ве ажеми ве мугали» еңбегі негізінде)
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 9
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-192-202Кілт сөздер:
қыпшақтану, қыпшақ тілі, мәмлүк қыпшақ жазба ескерткіштері, қазіргі қазақ тілі, лексикаАңдатпа
Қазіргі таңда түркітану саласында қыпшақ тіліне қатысты зерттеулер көптеп жүргізіле бастады. Оның бір себебі қыпшақ тіліне қатысты жазба ескерткіштердің табылмауы және зерттелмеуі. Қыпшақ жазба ескерткіштері түрлі географиялық аумақтарда түрлі елдердің жазуымен таралды. Қыпшақ тілі орта ғасырларда халықаралық тіл қызметін атқарды. Қыпшақ жазба ескерткіштерінің бір тобы мәмлүк қыпшақтарына қатысты болып келеді. Олар негізінен араб әріптерімен жазылып, негізінен Мысыр мен Сирия жеріндегі жергілікті халықтарға арналған болатын. Мұндай жазба ескерткіштерінің қатарында сөздіктер, грамматикалық анықтамалықтар, оқу құралдары болды. Олардың жазылу себебі жергілікті халыққа қыпшақ тілін үйрету болатын. Мемлекетте мәмлүк қыпшақтарының саяси билікті иеленуі қыпшақ тіліне деген қажеттілікті тудырды. Қажеттілікте байланысты еңбектер жазылды. Олардың бір тобы жоғалып кетсе, кейбірі сақталып бізге жетіп отыр. Қазіргі таңда түркі тілдерінің бір тобын қыпшақ тілдері құрайды. Қыпшақ халықтарының ұлтқа бөлінісі бірнеше ұлттық тілдердің де пайда болуына алып келді. Қазіргі қазақ тілінің байырғы лексикасы бірнеше қабаттан тұрады. Қыпшақ тілі лексикасы қазіргі қазақ тілінің негізін құрайтын қабат. Оның зерттелуі қазіргі қазақ тілінің даму тарихын сипаттап береді. Сонымен қатар орта ғасырлардағы қыпшақ тіліне қатысты ескерткіштер тілі толық зерттелмеген. Оларды ғылыми айналымға енгізу кеш іске асырылып келеді. Қазіргі таңда аталған тарихи мәтіндер өзінің құндылығымен және бейтаныс құпияларымен назар аудартып отыр. Тарихи мәмлүктік қыпшақ жазба ескерткіштерінің қазіргі қазақ тілі тұрғысынан зерттеулі маңызды болып саналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




