«Мүнйетүл-гүзат» жазба ескерткішіндегі есім сөздердің лексикалық ерекшеліктері


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 15

Авторлар

Кілт сөздер:

мәмлүк қыпшақтары, қыпшақ тілі, есім сөздер, соматизмдер, түр-түс атаулары

Аңдатпа

 

Мақалада мәмлүк қыпшақтары кезеңіне қатысты «Мүнйетүл-Гүзат» ескерткішіндегі есім сөздердің лексикалық ерекшелігі талданады. Мәтіндегі соматизмдер және түр-түс атаулары қазіргі қазақ және түркі тілдерімен салыстырылады. Мәмлүк қыпшақтары жалпы қыпшақ жазба ескерткіштерінің маңызды бөлігін құрайды. Мәмлүк қыпшақтары кезеңінде сөздіктер, шығармалар, тіл үйренуге арналған грамматикалық еңбектер жазылған. Ол мұралар тікелей қыпшақ тіліне қатысты. Орта ғасырлардағы қыпшақтардың ауызша сөйлеу тілі мен әдеби тіл нұсқаларының қазақ тілінің қалыптасу тарихын зерттеуде маңызға ие. «Мүнйетүл-Гүзат» әскери өнерге қатысты жазылған еңбек. Бұл ескерткіш тіл білімінде әлі толық зерттелмей келеді. Қазақ тілі тарихына қатысты бұл мәтіннің лексикасының зерттелуі тіл білімі үшін маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

27.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бегимова, Г., Шалғынбай, Н., & Ескиндирова, М. (2024). «Мүнйетүл-гүзат» жазба ескерткішіндегі есім сөздердің лексикалық ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 148(3), 226–238. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/305

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану

Most read articles by the same author(s)