Жалпытүріктік терминқор – терминологияны халықаралық біріздендіру негізі


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-248-267

Кілт сөздер:

жалпытүріктік терминқор, түріктерминком, ортақ термин, терминологияны халықаралық біріздендіру, терминжасам, терминалмасым, ортақ терминологиялық дерекқор

Аңдатпа

Бұл мақалада түрік халықтарына ортақ терминқор құрудың өзектілігі мен терминологияны халықаралық біріздендірудің маңызы сөз болады. Алдымен қазақ және қырғыз тілдеріндегі термин шығармашылығының қазіргі беталысы, екі тілдің терминологиясындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар нақты мысадар арқылы салыстырыла талданып көрсетіледі. Тіларалық біріздендіру, үйлестіру жұмыстарының әлсіздігінен туыстас тілдер арасындағы термин жасау тәжірибесін бөлісу мен өзара терминалмасу деңгейі төмендеп, екі тіл терминологиядағы айырмашылықтардың жылдам қарқынмен ұлғайып бара жатқаны дәлелденеді. Одан ары қарай түркі академиясы шығарған 9 түрік тілінің экономика, тіл білімі, әскери терминдерінің салыстырмалы терминологиялық сөздігі негізінде қазіргі түрік текті халықтар тілдері терминологиясындағы ортақ терминдер мен өзгешеліктер салыстырыла-салғастырыла талданады. Бұл талдаулардың нәтижелері де түрік текті халықтар тілдерінің терминологиясында ортақ сипаттан гөрі өзгешеліктер жылдан жылға көбейіп  бара жатқанын айғақтайды. Қазақ-қырғыз және өзге де бірнеше түрік текті халықтар терминологиясы бойынша жасалған тілдік талдаулар нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі түрік текті халықтар терминологиялық жұмыстарды өзара келісіп, үйлестіре жүргізуге, терминдерін тіларалық және халықаралық біріздендіруге айрықша мән беру қажеттігі, жалпытүріктік терминқор құрудың өзектілігі ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады. Жалпытүріктік терминқор құруға негіз болатын ішкі және сыртқы көздер мен терминологияны халықаралық біріздендіру кезінде рет-ретімен атқарылуға тиісті терминологиялық жұмыстар аталып көрсетіліп, оларды жүргізу жолдары айтылады. Мемлекетаралық, тіларалық деңгейде атқарылуға тиісті осы ауқымды терминологиялық жұмыстарды кәсіби деңгейде жүргізетін, үйлестіріп отыратын TurkTerKom сияқты құзырлы комиссия мен оның жұмысын ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етін халықаралық мәртебесі бар арнаулы терминология институтын құру ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құрманбайұлы, Ш. . (2025). Жалпытүріктік терминқор – терминологияны халықаралық біріздендіру негізі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 152(3), 248–267. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-248-267

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану