Қазақ зергерлік хрематонимдерінің сакралды және этномәдени коды
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-348-362Кілт сөздер:
мәдени код, қазақ әйелі, салт-дәстүр, халық даналығыАңдатпа
Мақалада зергерлік бұйым атаулары, олардың мифтік-семантикалық мәні мен түсіндірмесі, тақырыптық-лексикалық түрлері, және қолданылу ерекшелігі қарастырылған. Тіл мен мәдениет тоғысында зергерлік өнерге қатысты тілде қалыптасқан архетиптік, мифтік, символдық лингвокультуремалардың ішкі мазмұнын, мәдени семантикасын, мәдени-сакралды прагматикасын ашудың маңызы зор.
Зергерлік бұйымдарда бейнеленген эталондар, танымал ұғымдар мен символдардың ұлттық рухтың көрінісі ретінде қабылданып, метафоралардың мәнін білдіреді әрі бұл мазмұн паремиологиялық және фразеологиялық жүйе арқылы сақталып, танылады. Зергерлік өнер туындылары арқылы бейнеленген мәндік бағдарлар, дәстүрлі көзқарастар мен символдар халықтың рухани болмысы, дүниетанымы фразеологиялық, паремиологиялық жүйе арқылы танылады және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі.
Зерттеу мақсаты – қазақ әйелдерінің әсемдік бұйымдары білезік, бетмоншақ, жүзік, жырға, сақина, сырға, түйме, шашбау, шытыра, шолпы атауларының ішкі мазмұнында жасырылған этномәдени кодтың кілтін фразеологиялық, паремиологияда сақталған ақпарат арқылы анықтау көзделді. Зергерлік бұйымдар арқылы таңбаланған эталондар, ұлттық стереотиптер мен символдар халықтың рухани болмысы, дүниетанымы және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Бұл бұйымдардың тек сәндік немесе байлық көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар олардың ғұрыптық, мифтік-сакралды, функциялық ерекшеліктері, тағу дәстүрі, жас ерекшеліктеріне қарай түрленуі және қолданыстық сипаты да маңызды зерттеу нысаны ретінде қарастырылған. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар тарихи дереккөз ретінде қарастырылып, олардың функционалдық мәніне, аймақтық ерекшеліктеріне және жас айырмашылықтарына да назар аударылды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




