АҚШ-тың білім беру бағдарламаларын Орталық Азияға ықпал етудің жұмсақ күш құралы ретінде пайдалануы
Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-110-119Кілт сөздер:
жұмсақ күш, жұмсақ күш құралдары, білім беру, білім беру саясаты, мәдени алмасу, халықаралық қатынастар, геосаяси ықпал, АҚШ білім беру бағдарламалары, халықаралық білім алмасу, оқыту бағдарламалары, Орталық АзияАңдатпа
Қазіргі сыртқы саясатта білім беру жұмсақ күштің маңызды құралына айналуда. Көптеген елдер халықаралық білім беру бағдарламаларын пайдалану, шетелде білім беру мекемелерін ашу немесе шетелдік студенттерді оқыту арқылы өздерінің геосаяси ықпалын кеңейтуге тырысуда. Білім беру жұмсақ күшті дамытудың басты тетіктерінің бірі болып табылады және бұл тұжырымдамаға алғаш рет Джозеф Най негіз салды. Ол елдердің өз ықпалын әскери немесе экономикалық қысым арқылы емес, тартымдылық пен мемлекеттік дипломатия арқылы жүзеге асыру мүмкіндігін білдіреді. Осы тұрғыда білім беру сыртқы экономикалық және мәдени саясаттың ажырамас бөлігіне айналады. Америка Құрама Штаттары бұл құралды Орталық Азия елдеріне ықпал ету үшін белсенді түрде қолдануда. Білім беру бағдарламалары арқылы студенттерге белгілі бір елдің негізгі құндылықтары сіңіріліп, олардың сол елге деген оң көзқарасы қалыптастырылады. Мұндай білім беру үдерісі – оның ішінде студенттердің шетелге барып оқу мүмкіндігі және ұлттық дипломмен қатар сол елдің дипломын алуы – студенттердің сол мемлекетке деген адалдығын күшейтеді. Бұл әсіресе мемлекеттің болашақ экономикалық, саяси және мәдени элитасын қалыптастыру мен даярлау барысында аса маңызды. Нәтижесінде, білім беру халықаралық қатынастарға ықпал ететін және жұмсақ күш құралы ретінде елдің оң имиджін қалыптастыратын стратегиялық ресурсқа айналады. Басты идея - білім беру тек жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби өсуіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы геосаяси ықпал, өзара байланыс және мәдени алмасуды нығайтудың қуатты құралы қызметін атқарады. Шетелде білім мен мәдениетке инвестиция салатын елдер өздерінің халықаралық аренадағы мүдделерін тиімді ілгерілете алады. Осыған байланысты, мақаланың мақсаты - АҚШ-тың білім беру бағдарламалары арқылы геосаяси ықпалын дамыту үдерісін талдау.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




