Қазақстандағы репатрианттар: бейімделу және әлеуметтік-мәдени проблемалар
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-268-283Кілт сөздер:
миграция, репатрианттар, қандастар, мәдени шок, ассимиляция, бейімделуАңдатпа
2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанға 9 077 этникалық қазақ көшіп келіп, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 96,9 мың этникалық қазақ оралды. Қазақстанға биыл келген қандастардың жартысынан астамы (69,9%) – Өзбекстаннан, 10,3% – Қытайдан, 7,1% – Түрікменстаннан, 4,0% – Моңғолиядан және 8,7% – басқа елдерден келген.
Осы мақалада Иран мен Өзбекстаннан келген қандастардың мәдени және тілдік бейімделу мәселелеріне назар аударылған. Зерттеуде авторлар мәдени бейімделу теориясына сүйенеді және факторларды талдау үшін сұхбат, сауалнама және бақылау әдістерін қолданады. Мақалада қандастардың жаңа ортаға бейімделу процесінде кездескен қиындықтар мен кедергілер, мысалы, тілдік кедергілер, мәдени нормалардағы айырмашылықтар, әлеуметтік оқшаулау және институционалдық қолдаудың жоқтығы зерттелінген. Репатрианттардың жеке өмірінен алынған мысалдары негізінде бейімделудің негізгі стратегиялары анықталды: этномәдени сәйкестікті сақтауға ұмтылу немесе жергілікті нормаларды қабылдау арқылы жылдам ассимиляция. Жеке ерекшеліктердің, білім деңгейінің және әлеуметтік ортаның бейімделу процесінің табыстылығындағы рөліне ерекше назар аударылды.
Репатрианттардың жеке өмірінен алынған мысалдарды талдау әлеуметтік стереотиптердің және мемлекеттік саясаттағы кемшіліктердің интеграция процесіне әсерін де анықтайды. Авторлар қандастардың тарихи еліне бейімделуін жеңілдету үшін материалдық, әлеуметтік және мәдени қолдауды қамтитын кешенді көзқарастың қажеттілігін атап өтеді.
Мақала миграциялық процестерді, этномәдени сәйкестікті және әлеуметтік интеграцияны зерттеушілер үшін қызықты.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.