Домбыра: түрлері, таралу аймағы және жыршылық өнердегі орны


Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-279-298

Кілт сөздер:

домбыра, түркі халықтары, музыка, ауызша поэзия, жыршылық өнер

Аңдатпа

«Домбыра» деп аталатын музыкалық аспап түркі халықтарының (қазақ, өзбек, башқұрт, ноғай, татар, лақай) және онымен іргелес бірқатар этностың (тәжік, қалмақ, хазара) мәдениетінде маңызды рөл атқарады. Мақалада домбыраның инструменталды музыкадағы қолданысын  емес, жыршылық өнердегі орнын зерттеу мақсат етіп қойылған. Бұл тақырып бұрын ғылыми тұрғыдан арнайы қарастырылған жоқ. Автор өзінің шетелдік ғылыми іссапарлары барысында домбыраға қатысты ғылыми орталықтардан, музейлерден және информанттардан жинақтаған фото, аудио және жазба деректерін іріктеп пайдаланған. Домбыра туралы бірқатар мәлімет өзбек бақшыларының өз ауыздарынан бейнетаспаға жазып алынған. Домбыраның жасалу ерекшеліктері шеберлердің тәжірибесі бойынша баяндалады. Домбыраның бақсылықпен (шамандықпен) байланысы талданып, жыршылар арасында оны дәріптеу салты қалыптасқаны сөз болады. Мақалада «домбыра» атауының пайда болу төркіні туралы болжамдар, соған байланысты пікірлер келтіріледі. Мақала салыстырмалы-тарихи, синхрондық және құрылымдық-функционалдық  зерттеу әдістеріне жүгінген. Зерттеу нәтижелері түркі халықтарының дәстүрлі ауызша поэзиясының көбіне музыкамен бірлікте жасағанын, жыршылар мен импровизатор ақындар өз шығармаларын музыкалық аспаптың, соның ішінде домбыраның сүйемелімен орындағанын және бұл аспаптың таралу аймағының кең болғандығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шәріп, А. (2024). Домбыра: түрлері, таралу аймағы және жыршылық өнердегі орны. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 149(4), 279–298. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-279-298

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану