Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі ілік септігінің тарихи даму көрінісі
Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 208
Аңдатпа
Армян графикасымен қыпшақ тілінде жазылған мұралар дін, əдебиет,
тарих, құқық, философия, жаратылыстану ғылымдарына негізделіп, өмірдің саясиэкономикалық, тарихи-мəдени салаларын қамтиды. XX ғасырдан ғалымдардың
тыңғылықты зерттеу нысанына айналған армян-қыпшақ мұралары шетелдік
басылымдарда жарияланып, транскрипцияланып, сөздіктермен, аудармалармен
толықтырылып келді. Қазіргі уақытта ғалымдар тарапынан сан түрлі ғылыми
пайымдаулар мен көзқарастарға негіз болған армян-қыпшақ мұраларының тілдік
ерекшеліктерін тереңірек зерделеу қажеттілігі айқын сезіледі. Мақалада армянқыпшақ жазба ескерткіштері негізінде септік категориясына талдау жүргізілді.
Септік категориясы – түркі тілдері теориялық грамматикасының өзекті әрі
сан түрлі пікір-көзқарасты тоғыстырған тақырыптарының бірі. Аталмыш
грамматикалық категорияны зерттеу түркі тілдерін тарихи тұрғыда зерттеумен
тығыз байланысты және өз бастауын көне дәуір ескерткіштері тілінен алады.
Мақалада септік категориясының, оның ішінде ілік септігінің тарихи генезисі
ғалымдардың еңбегі негізінде айқындалып, септік жалғауларының көне түрк, орта
ғасыр дәуірі ескерткіштері, армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі және қазіргі
түркі тілдеріндегі көрінісі жүйелі талданады. Мақала AP13068438 «Армян-қыпшақ
ескерткіштері тіліндегі әмбебаптық пен ерекшелік» тақырыбындағы ғылыми жоба
аясында дайындалды.