Ұлттық интеллигенцияның идеологияға ықпалы


Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-77-91

Кілт сөздер:

ұлттық интеллигенция, идеология, ықпал, мемлекеттік саясат, билік, әлеуметтік желі, коммуникация

Аңдатпа

Мақала ұлттық интеллигенцияның қазіргі мемлекеттік идеологиялық жұмысқа ықпалын талдауға арналған. ХХ ғасырдың басында, Кеңес заманында, тәуелсіздік кезеңінде зиялы қауымның идеология саласында атқарған рөліне қысқаша шолу жасалған. Кезінде Алаш қайраткерлері мен ұлттық интеллигенция өкілдерінің саяси белсенділігі ұлт болашағы үшін күреспен сипатталды. Олар қоғамдық-саяси жұмыспен қатар халық ағарту ісімен, білім-ғылым саласын дамытумен айналысты, ұлттық құндылықтарды сақтап, ұлт мүддесі үшін қызмет етті. Ал тәуелсіздік жылдары зиялы қауымның идеологияға ықпалы біртіндеп бәсеңдеді. Оған әлеуметтік-экономикалық ахуал, нарық заманының ерекшеліктері және басқа да жағдайлар әсер еткен болуы ықтимал. Осы тұжырымды дәлелдеу үшін белгілі сарапшылар мен ғалымдардан сұхбат алынып, берілген жауаптар қорытылып, нақты ой-тұжырымдар әзірленді. Сондай-ақ интеллигенцияның идеологиялық жұмысқа ықпалының төмендеуіне себеп болған жаңа заман үрдістеріне талдау жасалды. Ғаламтор, әлеуметтік желілер сияқты коммуникация құралдары қарқынды дами бастағандықтан, ақыл-ой еңбегімен айналысатын әрі өзіндік сыни көзқарасы бар зиялы азаматтардың қоғамдық пікір қалыптастыру ісіндегі рөлі төмендеп, блогер, журналист және басқа да белсенді азаматтардың ықпалы күшейе түсті деген қорытынды жасалды. Интеллигенция өкілдерінің идеологияға ықпалын арттыру үшін қандай мәселеге басымдық беру қажеттігі қарастырылды. Ғылым және шығармашылық саласындағы зиялы қауымды әлеуметтік желілердің контентін әзірлеуге және оны ілгерілетуге жұмылдыру маңызды деген ұсыныс айтылды. Мақалаға қажетті мәліметті жинақтау барысында сұхбат жүргізумен қатар, тарихи зерттеу жүргізілді және контент-талдау жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қайырбек, М. ., Габдулина, Б. ., & Токтомушев, К. (2025). Ұлттық интеллигенцияның идеологияға ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 77–91. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-77-91

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)