Қазақстанның сирек кездесетін металдары: сыртқы экономикалық саясат


Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 101

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-54-67

Кілт сөздер:

сыртқы саясат, дипломатия, әлемдік экономика, жаһандық инновация, ресурстық экономика, геосаясат, сирек металдар

Аңдатпа

Қазақстанның сирек кездесетін металдары: сыртқы экономикалық саясат және «ресурс қарғысы» атты мақалада сирек металдар байлығының Қазақстанның экономикалық дамуы мен сыртқы саясатына әсері қарастырылған. Жаһандық технологиялық кезеңдегі сирек металдар жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге қажетті стратегиялық ресурстарға айналуда. Осы металдардың қомақты қорына ие Қазақстан «ресурстық қарғыспен» байланысты тәуекелдерге тап болады - шикізат экспортына экономикалық тәуелділік және әлемдік бағалардың ауытқуына осалдығы. Мақалада сирек металдарды басқарудың экономикалық және геосаяси аспектілері, сондай-ақ олардың елдің тұрақты дамуы мен халықаралық қатынастарына әсері талданады. Тәуекелдерді азайту және ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру және ресурстарды басқару саясатын жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Авторлар сирек металдарды стратегиялық пайдалану Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымын нығайтуда және әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда өте маңызды рөл атқаратындығын атап көрсетеді. Зерттеу жұмысы сонымен қатар Қазақстанға жаһандық экономиканың негізгі ойыншысы болуға мүмкіндік беретін осы құнды ресурстарды тиімді пайдалану үшін инновациялар мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын талқылайды. Сондай-ақ, сирек металдардың сыртқы саясатта мемлекеттермен ынтымақтастықты әр салада дамытуға себеп болатын негізгі фактор ретінде көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Туманшиев, Д., Исова, Л., & Жұмақанов, Ә. (2025). Қазақстанның сирек кездесетін металдары: сыртқы экономикалық саясат. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 54–67. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-54-67

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар