Орталық Азия елдерінің Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасына қатысуы: Қазақстан республикасының жетекші рөлі
Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 122
Кілт сөздер:
, Қытай, Орталық Азия, Қазақстанның жетекші рөліАңдатпа
Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасы Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығы мен оның ресурстарына назар аудара отырып, жаһандық экономикалық және геосаяси ландшафтты өзгертті. Мақала авторларының алдына Қазақстанның көшбасшылық ұстанымын анықтау мақсатында Орталық Азия елдерінің «Белдеу және жол» бастамасына қатысуын салыстырмалы талдау міндеті қойылды. Географиялық, экономикалық, инвестициялық көрсеткіштер мен транзиттік әлеуетті бағалау арқылы бұл зерттеу аймағында «Белдеу және жол» бастамасын табысты іске асырудағы Қазақстанның маңызды рөлі атап көрсетілді. Зерттеудің теориялық негізі - Қытайдың перифериялық дипломатиясы, үлкен және кіші мемлекеттер теориясы, біртұтас тағдыр қауымдастығы, «батысқа шеру» сияқты әртүрлі қытайлық тәсілдердің жиынтығы. Мақалада реализм, неолиберализм және өзара тәуелділік сияқты батыстық теорияларға да назар аударылады. Әдістемелік тұрғыдан алғанда, авторлар әр елдің «Белдеу және жол» бастамасына қатысу дәрежесін бағалау үшін сандық әдістермен толықтырылған салыстырмалы талдауды, мәселенің жан-жақты перспективасын құру үшін тарихи және логикалық әдістерді қолданады.
Мақала Орталық Азия елдерінің «Белдеу және жол» бастамасына қатысуы туралы түсінік береді және осы бастаманы іске асыруға қызығушылық танытатын ҚР сыртқы саяси құрылымдарына, зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа арналады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.