Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі АӨСШК мен ШЫҰ ынтымақтастығы перспективаларын талдау
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 55
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-50-69Кілт сөздер:
АӨСШК, ШЫҰ, азиялық қауіпсіздік, халықаралық терроризм, сенім шаралары, Қазақстанның бастамалары, заманауи геосаясатАңдатпа
Бұл мақалада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) құрылымдарының Азия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету контекстіндегі рөлі мен маңызы қарастырылады. Бұл мақаланың авторлары халықаралық қатынастардың реализм және либерализм сияқты классикалық теорияларын да, аймақтық қауіпсіздіктің кешенді теориясы, тәуелділік теориясы, геосаясат және сенім шаралары тұжырымдамасы сияқты теорияларды да пайдаланды.
Мақалада нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде екі құрылымға жеке-жеке салыстырмалы талдау жасалып, олардың қызметінің тиімділігі, сондай-ақ азиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін сын-қатерлер контекстіндегі проблемалық аспектілері мен перспективалары көрсетілген. Мақалада алдымен АӨСШК және ШЫҰ ұйымдарының даму эволюциясының тарихи шолуы берілген, содан кейін олардың азиялық қауіпсіздік факторлары контекстіндегі қызметінің тәсілдері дербес көрсетілген. Азиялық қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету контекстіндегі осы екі құрылымның тәсілдерін салыстыра отырып, авторлар белгілі бір критерийлер аясында ортақ белгілер мен бірқатар айырмашылықтарды анықтады. Қойылған мақсатқа жету үшін авторлар салыстырмалы және тарихи әдістерді, сонымен қатар кеңістіктік талдау әдісін пайдаланды. Авторлар қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің бірқатар жұмыстарын талдаған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.