Конфуций институттарының сын-қатерге ұшырауы және оның трансформациясы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-209-219Кілт сөздер:
сыртқы тілдік саясат, Конфуций институттары, «жұмсақ күш» саясаты, Лу Бань шеберханасы.Аңдатпа
Мақалада әлем бойынша ашылған Конфуций институттарының сынға ұшырай бастауы мен оның трансформациясы қарастырылған. Зерттеуде Конфуций институттарының сын-қатерге ұшырауының негізгі себептерімен қатар, бұл келеңсіз жағдайдан шығу үшін Қытай үкіметінің қолданып жатқан амалдары сараланған. Автор әлем елдерінің Конфуций институттарына қатысты ұстанған саясатына шолу жасай отырып, мәселенің негізгі себептері мен салдарын анықтауға тырысады. Осыған байланысты Қытай үкіметінің бүгінгі таңда ұстанып отырған «жұмсақ күш» саясатының трансформациясына сараптама жасалады. Мақалада ҚХР-дың Орта Азия елдеріндегі саясаты мен оның беріп отырған нәтижесі де сараланған және бірқатар ұсыныстар берілген.
Зерттеу барысында Конфуций институттарының академиялық еркіндік пен ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан тудырған күмәндары егжей-тегжейлі талданып, олардың бренд ретінде реформалану үдерісіне баға беріледі. Автор Қытайдың гуманитарлық дипломатиясының жаңа кезеңіндегі институционалдық өзгерістерді, соның ішінде басқару жүйесінің мемлекеттік емес құрылымдарға ауысу тетіктерін ашып көрсетеді. Әсіресе, Орта Азия өңіріндегі мәдени-білім беру жобаларының геосаяси астары мен жергілікті қоғамдық пікірге тигізер әсері сараланып, аймақтық ерекшеліктерге негізделген ғылыми тұжырымдар жасалады. Ғылыми мақала халықаралық қатынастар мен қытайтану саласының мамандары үшін ақпараттық-сараптамалық құндылыққа ие.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




