«Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі изафет құрылымдар (синтаксистік-cемантикалық талдау)
Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-252-262Кілт сөздер:
изафет, матасу, сөз тіркесі, Гүлістан бит Түркі, тарихи синтаксисАңдатпа
Мақалада «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі изафеттік қатынастардың семантикасы талданады. Зерттеу тақырыбы түркі жазба ескерткіштеріндегі cинтаксистік құрылымдарды, оның ішінде изафеттік қатынастарды талдау арқылы сол кезеңдегі түркі тілдерінің синтаксистік жүйесінің семантикалық мәнін терең түсінуге бағытталған. Изафет құрылымдар тілдегі заттар, құбылыстар мен ұғымдар арасындағы семантикалық байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан олардың мағыналық рөлі түркі тіл білімінде маңызды орын алады. Зерттеудің мақсаты – «Гүлістан бит Түркі» мәтініндегі изафеттік қатынастардың семантикалық ерекшеліктерін айқындап, олардың грамматикалық және мағыналық байланыстарын талдау. Изафеттік қатынастардың І, ІІ, ІІІ типтерін айқындай отырып, жазба ескерткішінде кездесетін меншікті, матасулы, метафоралы мәндердің қолданысы мен олардың семантикалық рөлі ажыратылады. Зерттеу жұмысында құрылымдық-семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы талдау және мәнмәтіндік талдау, синтаксистік талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер арқылы мәтіндегі изафет қатынастардың мағыналық аспектілері зерттеледі. Изафеттік қатынастардың семантикасын талдау түркі тілдерінің синтаксистік жүйесіндегі негізгі заңдылықтарды түсіндіруге және осы ескерткіштің лингвистикалық құндылығын ашуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері тіл білімі, әдебиеттану және мәдениеттану салаларында қолданыла алады. Зерттеу нәтижесінде «Гүлістан бит түркі» ескерткішіндегі изафеттік қатынастардың семантикасы жан-жақты талданып, олардың түркі тілдеріндегі мағыналық жүйені құраудағы маңыздылығы айқындалды. Бұл зерттеу жұмысы түркі тілдерінің синтаксистік құрылымының тарихи сипатын тереңірек түсінуге елеулі үлес қосады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.