М. Әуезовтің әңгіме-повестеріндегі түркілік мотивтерге талдау
Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 25
Кілт сөздер:
көркем шығарма, автор, психологизм, оқыту әдістері, кейіпкер психологиясы, жазушы, әңгіме, түркі әдебиетіАңдатпа
Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты мен бағыты ретінде қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар, заманымыздың ұлы жазушыларының бірі Мұхар Әуезовтің әңгімелеріндегі психологизмді зерттеу мен оны оқытудың әдістері қарастырылады. М.Әуезов әңгімелерінің зерделену мәселелерінің қазақ әдебиеттануындағы өзектілігін айта отырып, автор бірнеше қаламгер әңгімелерінен зерттеуші ғалымдарды атап өтеді. Ғылыми еңбек негізінде М.Әуезовтің әңгімелеріндегі кейіпкер психологиясы ғылыми нысаны ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада қаламгердің әңгімелерін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне, тұжырымдарына, көзқарастарына талдау жасалады. Автор жазушы әңгімелерінің зерттелу кезеңін атай отырып, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының нәтижесінде М.Әуезовтің әңгімелеріндегі психологизм, кейіпкер бейнесі, көркем шығармадағы психологизм мәселелерін жіктеген ғалымдардың тұжырымдарына сілтеме жасайды. Аталған ғалымдардың тұжырымдарын қарастыра келе, қаламгер әңгімелерінің талдау өзектілігін және маңыздылығын дәлелдейді. Тұжырымдарды салыстыру, жіктеу барысындағы автор өзіндік пікірін анық білдіреді. Сонымен қатар, мақалада қаламгердің «Ескілік көлеңкесінде», «Кім кінәлі?», «Кінәмшіл бойжеткен» сияқты әңгімелеріндегі кейіпкер образдары талданып, жоғары оқу орнында оқытудың репродуктивті, ізденіс әдістері талқыланып, сараланады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.