«Шежіре-и теракиме» еңбегінде кездесетін моңғол сөздерінің семантикасы
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 32
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-240-251Кілт сөздер:
Шежіре-и теракиме, этимология, моңғолизмдер, семантика, лексика, түркі тілдеріАңдатпа
Тарихи шығармалардың, жыр-дастандардың лексикалық қабатын лингвистикалық аспектіде зерделеу тілдің қалыптасу тарихын, дамуын айқындауда маңызды рөл атқарады. Осы маңыздылық ескеріліп, XVII ғасырда жазылған Әбілғазы Баһадүр ханның «Шежіре-и теракиме» еңбегі зерттеудің нысаны ретінде қарастырылды. Яғни мақалада аталмыш шежіре тілінде кездесетін моңғол сөздерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері, олардың түркі тілдеріндегі қолданысы зерделенеді. Шежіренің лексикалық қабатында түркі, моңғол элементтерінен өзге араб, парсы сөздері де мол кездеседі. Тарихи тіл білімінде моңғолизмдердің түркі тілдеріне енуі, тарихи қалыптасуына байланысты ғылыми пікірлер әлі де болса гипотезалық деңгейде қарастырылып келеді. Зерттеу барысында моңғол элементтері салыстырмалы-тарихи тұрғыдан талданып, түркі тілдері мен моңғол тілдері арасындағы мағыналық ортақтықтар мен айырмашылықтар айқындалады. Сондай-ақ зерттеу мақалада «Шежіре-и теракиме» еңбегіндегі шырай, даруға, құрылтай, шешен сөздеріне лексика-семантикалық талдау жасалады. Талданып отырған сөздердің ауыспалы не тура мағынадағы қолданысы, түркі және моңғол тілдері арасындағы фонетикалық, морфологиялық ерекшеліктері зерттеледі. Мақаланың ғылыми маңыздылығын арттыру мақсатында түркі және моңғол тілдеріндегі афоризмдерден, мақал-мәтелдерден мысалдар беріледі. Моңғол элементтерінің этимологиясын айқындауда алтайтанушы, түркітанушы ғалымдардың ғылыми-теориялық тұжырымдар мен пікірлері сарапталады. «Шежіре-и теракиме» шығармасында кездесетін тілдік бірліктерді семантикалық, этимологиялық жағынан талдау шағатай жазба тілі мен қазақ тілінің арасындағы тарихи сабақтастықты айқындауға негіз болады. Зерттеу мақаланың негізгі мақсаты – «Шежіре-и теракиме» мәтінінде кездесетін моңғол сөздерін лексика-семантикалық тұрғыдан саралап, этимологиясын айқындау.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.