Ресейдің сыртқы саясатындағы Қара теңіз аймағы
Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 12
Кілт сөздер:
Ресей, Қара теңіз аймағы, энергетика, күш балансы, Қырымды аннексиялау, қарсыласу.Аңдатпа
Қара теңіз аймағы, қырғиқабақ соғыстан кейін, елеулі өзгерістерге ұшырады және әлемдегі
стратегиялық маңызды аймақтардың біріне айналды. Бұған ықпал ететін маңызды факторлардың бірі
Еуропада энергетикаға сұраныстың өсуі, ал ол негізінен аталмыш аймақ арқылы жеткізіледі. Аймақтың
геосаяси сипаты, уақытша тоқтатылған және созылмалы қақтығыстармен қатар, аймақты тұрақсыз және
қарулы қақтығыстарға қауіпті етеді. НАТО-ның шығыстағы кеңейту процесі аймақтағы геосаяси шиеленісті
күшейтіп, аймақтағы күштердің ауытқуына байланысты Ресейдің алаңдаушылығына алып келді. Аймақтық және ғаламдық державалардың алуан түрлі мүдделері мен басымдықтарын ескере отырып, бұл аймақты
қарулы қақтығыстардың ықтимал аймағына айналдырды. Зерттеудің мақсаты Қара теңіз аймағының Ресей
үшін стратегиялық фактор ретінде қарастыру. Зерттеуде, сондай-ақ, қырғиқабақ соғыс аяқталған соң, атап
айтқанда, В. Путиннің басшылық кезеңінде Ресейдің аймақтағы стратегиясын өзгерту үрдісін сипаттайды.