Ресей мен Қытайдың жобалары аясындағы Ауғанстан
Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 24
Кілт сөздер:
Ауғанстан, Қытай, Ресей, Талибан, «геосаяси құлп», Орталық Азия.Аңдатпа
Мақалада авторлар американдық әскерлер шығарылғаннан кейінгі Ауғанстандағы жағдайға қатысты мәселелерді қарастырады. Соңғы қырық жыл ішінде азамат соғысымен бірге саяси хаос
жағдайына айналған ел, қазіргі таңда Ауғанстан «сәтсіз мемлекет», әлемдік есірткі трафигінің, сыбайлас
жемқорлық пен исламдық фундаментализмінің ошағы ретінде сипатталады. Ауғанстанның ұлы ойшылы
Мұхаммед Икбал Лахоридің «Ауғанстан-Азияның жүрегі, ал егер жүрек тыныштығынан айырылса,
онда Азия бейбітшілікті жоғалтады» деген сөзі көріпкелділік болды деп айтуға болады. Ауғанстандағы
туындаған жағдай әлемдік қоғамдастықтың назарын өзіне аударды. Ауғанстанда пайда болған хаос әлемдегі оқиғаларға және ең алдымен Орталық Азия елдеріне айтарлықтай әсер етеді деуге толықтай негіз бар. Талибанның билікке екінші келуін аймақтағы діни экстремизм мен фундаментализмнің таралу
қаупі ретінде қарастыра отырып, біз іс жүзінде оның геосаяси салдарына назар аудармаймыз. Американдықтардың Ауғанстаннан кетуі іс жүзінде Орталық Азия елдерінде Қытай мен Ресейдің аймақтағы
үстемдігіне геосаяси балама қалмағандығын білдіреді деуге болады. Бұл өз кезегінде «жаңа үлкен ойын»
және Орталық Азия үшін күрес англо-саксон әлемінің пайдасына аяқталмағандығын білдіре ме? Бұл
мәселе әлі өз жауабын таппағандығы анық. Қалыптасқан жағдай жақын болашақта АҚШ пен ЕО-ның
Орталық Азияға қатысты стратегиясы қайта қаралатынын білдіреді деп айтуға болады