Оңтүстік Кореяның ұлттық брендингіндегі Президенттік кеңестің стратегиялық рөлі


Қаралымдар: 27 / PDF жүктеулері: 13

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-265-275

Кілт сөздер:

ұлттық брендинг, мәдени саясат, Корея бренді, Президенттік кеңес, халықаралық имидж, Оңтүстік Корея саясаты, стратегиялық даму

Аңдатпа

Бұл мақала Оңтүстік Кореядағы ұлттық брендингтің стратегиялық дамуын қарастырады. Зерттеудің мақсаты – Корея Республикасы үкіметінің елдегі ұлттық брендингтің имиджін нығайту және стратегиялық дамуы үшін қабылдаған негізгі шараларын анықтау. Мемлекеттік және халықаралық ақпарат көздері жариялаған ресми құжаттарды, статистикалық және аналитикалық есептерді талдауға ерекше назар аударылады.

Мақалада 2009 жылы президент Ли Мен Бактың бастамасымен құрылған Ұлттық брендинг жөніндегі Президенттік кеңестің рөлі қарастырылады. Бұл органның құрылуы ұлттық брендингті басқарудағы институционалдық тәсілдің бірегей үлгісі болды. Кеңес мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатын үйлестіру, сондай-ақ ұлттық брендингке қатысты коммуникациялық, имидждік және жарнамаға бағытталған іс-шаралардың кең ауқымын жүзеге асыру үшін жан-жақты жауапкершілікті өз мойнына алды. Мақалада Кеңестің функциялары, құрылымы және жұмысының негізгі бағыттары жан-жақты қарастырылған.

Ұлттық брендинг жөніндегі Президенттік кеңес елдің шетелде тұрақты әрі оң имиджін қалыптастыруға айтарлықтай ықпал еткені анықталды. Сонымен қатар мемлекеттің жағымды имиджі ұлттық қауіпсіздіктің тұрақтылығын, мәдени ықпалды күшейтуді және халықаралық аренада экономикалық мүдделерді ілгерілетуді қамтамасыз етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исмаилова, С. ., & Чан, Б. С. (2025). Оңтүстік Кореяның ұлттық брендингіндегі Президенттік кеңестің стратегиялық рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 151(2), 265–275. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-151-2-265-275

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану