Түрік мақал-мәтелдеріндегі аштық, кедейлік тақырыптарын мәдениеттанулық талдау


Қаралымдар: 37 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • Metin Ekici

Кілт сөздер:

мақал-мәтел, аштық, кедейлік, қалыпы, түрік мәдениеті

Аңдатпа

Түрік мәдениеті мақал-мәтелдердің пайда болуы және олардың аударылуы жағынан аса
бай болып келеді. Түрік тілінде «аштық» пен «кедейлік» тақырыптарындағы мақал-мәтелдер көптеп кездеседі.
Адам баласының аштық сезімінің қанағаттандырылуында қолданылатын әдістермен алынған шаралардың нәтижесінде ертең аштыққа ұшырамайтындығына, тіпті өзінен кейін келген адамдардың да аш
қалмауына кепілдік бере алатын адам және қоғам «бай» деп аталса, аштығын басу үшін тиісті шаралар қабылдай алмайтын және кез-келген уақытта аштық қаупі бар адам мен қоғам «кедей» деп аталды.
Адамзат үшін «аштық» пен «кедейлік» бір - бірімен араласып жатқан, бірге қолданылатын ұғымдар. Бұл
ұғымдар адамзаттың ежелден бері көңіл аударған ең негізгі ойларынан бірі болғандықтан аталған тақырып бойынша көптеген мақал-мәтелдер кездеседі. Бұл мақалада «мақал-мәтел» алғаш рет жанр және
термин ретінде сипатталады. Сонымен қатар түрік мақал-мәтелдерінің жалпы ерекшеліктері туралы
мәліметтер берілген және мақал-мәтелдердің қалыптасуы мен қолданылуы қысқаша қарастырылған.
Аштық пен кедейлік тақырыптарындағы мысал ретінде таңдалған мақал-мәтелдер құрылымы, мазмұны
мен қолданылуы, контекстері мен функционалдық сипаттамалары бойынша бағамдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

03.12.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ekici, M. . (2020). Түрік мақал-мәтелдеріндегі аштық, кедейлік тақырыптарын мәдениеттанулық талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 133(4), 84–90. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/533

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар