Зия Гөкалп және Түркиядағы фольклортану
Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 26
Кілт сөздер:
фольклористика, ұлттық идея, халық шығармашылығы, реформа, романтизмАңдатпа
Мақалада Гөкалп пен романтиктер шығармашылығының ұқсастығын зерттеу, әлі де әртүрлі еуропалық және американдық фольклорлық теорияларды қолдануға негізделген және өзіндік нақты сипаты жоқ түрік фольклористикалық зерттеулеріне Гөкалптың қандай да бір әсер ете алу жайында сөз етіледі. Зерттеудің мақсаты – Зия Гөкалптың фольклорға деген көзқарасын оның шығармаларына, сондай-ақ ол туралы жазылған ақпараттарға сілтеме жасау арқылы зерттеу және осылайша романтизм кезеңіндегі Еуропалық ойшылдар қабылдаған фольклор мен ұлтшылдық арасындағы байланыс Зия Гөкалптың шығармашылығында қалай көрініс тапқанын анықтау. Автор бұл зерттеу мақаласында оның шығармашылығы Түркиядағы фольклорлық зерттеулерге қалай әсер еткенін анықтауға тырысты. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында реформа әрекеттерінің сәтсіздігі империяда вестернизм, османизм, исламизм және пантюркизм сияқты жаңа идеяларды тудырды. Осы көзқарастардың әрқайсысы олардың идеяларын қабылдау арқылы империяны құтқаруға және дамытуға болады деген ойда болды. Алайда олардың ешқайсысы француз революциясынан кейін алдымен Еуропада, содан кейін Осман империясының еуропалық жерлерінде пайда болған ұлтшыл қозғалыстарды тоқтата алмады. Қысқа уақыт ішінде Балқандағы этникалық топтар арасындағы ұлтшылдық жағдай едәуір күшейіп, алдымен Империя аумағын азайтуда, содан кейін оның ыдырауында едәуір әсер етті. Зия Гөкалп Түркия Республикасы құрылғанға дейін ұлтшылдық көзқарастарды жақтайтын бірқатар очерктер мен еңбектер жазды және фольклорды өзінің ұлтшыл идеяларының орталығына айналдырды. Ғалым, зерттеуші, идеолог, жазушы және ақын ретінде ол фольклор саласында жұмыс істеп қана қоймай, оған өз шығармаларымен үлкен үлес қосты. Фольклортану тарихы қазіргі Түркия тарихынан ұзағырақ. Түркиядағы фольклорлық зерттеулер қазіргі уақытта бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан фольклорлық зерттеулердің ықпалынан жалғасуда. Түркиядағы фольклорлық зерттеулердің көпшілігі халық әдебиетіне, дәстүрлерге және соңғы уақыттарда ЮНЕСКО-ның фольклорлық теориялары мен конвенцияларына бағытталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.