«Бірбелдеу– біржол» стратегиясыжүйесіндегіҚазақстантранзиті
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
саясат, геосаясат, жобалар, стратегия, транзит, транзиттік мүмкіндіктер, терминал, порт, экономикалық саясат.Аңдатпа
ҚытайХалық Республикасының «Бір белдеу -бір жол» заманауикөлік стратегиясын талдау
шеңберінде Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндіктерінің болашағы Орталық Азияның аймақтықмүдделері тұрғысынан қарастырылуда.Әлемдік экономикалық саясаттықайта құрудың сөзсіздігі туралымәселелер қозғалады.Шығыс Азия елдерінің әлемдік саудадағырөлінің өсуі және онымен бірге
саяси ықпалдың өсуі. Қазақстан Республикасы транзиттік елдің экономикалық орнын иемденуі керек,
демек, онымен бірге көлік жобаларын дамыту қажет болады. Транзиттік маршруттар бойынша аймақ елдерінің бәсекелестігі күшейіп келеді, сонымен бірге саяси күрес пен қауіпсіздік мәселесі де өткір болады. Көлік коммуникациясының және әлемдік сауда аймақтарының дамуымен байланысы.Қазақстанның
жүзеге асырылған көліктік жобалары, аймақтық көлік жобаларыаясындағыынтымақтастық қарастырылады. Транзиттік дәліздердің, өткелдердің, түйіспелердің қалыптасуы және олардың қазіргі әлемдік саясаттағы маңызы. Жетекші континенталды державалардың мүдделері және олардың тұрақтылыққа әсері
және еуразиялық мазмұнның ортасында тауарлар мен қызметтердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз
ету қажеттілігі. Қазіргі әлем жүйесі күрделі өзгеріс табалдырығынан аттанатындай жағдай туындалды.
Зерттелетін аймақ елдерінің транзиттік мүдделер күресі жағдайында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету проблемаларықарастырылды