Саяси бірегейліктің сипаттамалық белгілерін зерттеудің заманауитәсілдері


Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 25

Авторлар

  • М.О. Насимов

Кілт сөздер:

саяси бірегейлік, саясат, халық, идеология, мәдениет,бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттілік.

Аңдатпа

Мақалада саяси бірегейліктің сипаттамалық белгілеріне әдеби шолу жасалып, талданды.Зерттеу жұмысы барысында анықталғандай, отандық ғалымдар саяси бірегейлік түсінігін толық кешенді түрде зерттемеген. Зерттеулер бірегейліктің өзге түрлері шеңберінде жүргізілгендігі айқындалып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшінтүсініктің сипаттамасына тоқталып отырмыз. Ол үшін «Scopus» базасында индекстелген мақалаларға талдау жүргіздік. Базадан табылған 2798 материал арасынан 24 әдебиет таңдап алдық. Ерекше назар 2018-2022 жылдары жарияланған зерттеулерге аударылды.Ғылыми нәтижелерді отандық саяси ғылымдардың дамуы үшін тиімді пайдалануға болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-саяси білімдер модуліндегі «Саясаттану» пәнінде дәрістер жүргізуге қолайлы.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Насимов, М. . (2022). Саяси бірегейліктің сипаттамалық белгілерін зерттеудің заманауитәсілдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 139(2), 77–92. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/423