Ұлттық сана және оның негізгі түсініктері


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

  • М.Ө. Насимов

Кілт сөздер:

ұлттық сана, ұлт, халық, қоғам, құндылықтар.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ХХІ ғасырдағы ұлттық сана талданады. Мақалада сананың үш
ерекшелігі айқындалған: дүйім дүниеде не болып жатқанын түсіну, жаңа технологияның ағыны алып келетін
өзгерістердің бәріне дайын болу, өзгелердің тәжірибесін алып, өзге халықтар мен елдердің озық жетістіктерін
бойға сіңіру.
Мақалада ұлттық сана және оның негізгі түсініктеріне ерекше мән беріледі. Берілген зерттеу жұмысы
ұлттық сана ұғымын теориялық тұрғыдан түсінудің өзектілігі мен маңыздылығын дәйектейді. Ұлттық
сананың қалыптасуы және дамуының кейбір теориялық мәселелері ұсынылды. Ұлттық сана мәселесі бойынша
отандық, шетелдік ғалымдардың көзқарастары, кейбір тұжырымдамалық идеялары қарастырылады және
талданады. Ұлттық сананың қоғамның әлеуметтік, саяси және экономикалық өміріндегі рөлі айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

13.06.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Насимов, М. (2019). Ұлттық сана және оның негізгі түсініктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 127(2), 53–60. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/619

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар