Қазақстанныңбілім беру саласындағы сандық трансформация тәжірибесін талдау


Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

  • Е.А. Амантаев
  • М.К. Дюсембекова
  • К.Д. Жанпейісова

Кілт сөздер:

Цифрлық Қазақстан, электрондық платформалар, цифрландыру, трансформация, білім беру саласы,онлайн, офлайн форматтар.

Аңдатпа

Қазіргіәлемді интернетсіз және сандық құрылғыларсызелестету мүмкін емес, цифрландыру –өмірдің барлық салаларын қамтитын және жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жаһандық тренд. Қазіргі әлемде цифрландыру елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік, ғылыми әл-ауқатының негізін құрайды, сондықтан білім беруді цифрландыру әрбір елдің дамуындағы басымдықтардың бірі болып табылады. Қазақстанның білім беру саласын цифрландыру салыстырмалы түрде жақында басталды, бірақ жаһандық пандемия және онымен байланысты қашықтықтан білім беруге шұғыл көшу білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау процесін едәуір жеделдетті. Бұл мақала пандемияның Қазақстандағы білім беруді цифрландыру процесіне әсерін зерттеуге арналған, онда онлайн-оқытуға көшу кезінде қазақстандық білім беру тап болған проблемаларға және оларды шешу үшін мемлекет пен бизнес-орта қабылдаған шұғыл шараларға талдау жасалған.Зерттеу негізіндемемлекеттік статистика комитетінің деректері, ақпарат көздері, SWOT-талдау негізінде гипотезаға талдау және тексеру жүргізілді, нәтижесінде біз пандемияның білім беру саласын цифрлық трансформациялау процесіне әсерін бағалай алдық және оның даму перспективаларын қарастырдық, сонымен қатар цифрлық білім беру сапасын одан әрі жақсартудың негізгі бағыттарын анықтадық. Қазақстандағыбілім беруді цифрлық трансформациялау саясатының проблемасы осы зерттеуде өзекті және зерттеуді қажет ететін ретінде қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Амантаев, Е. ., Дюсембекова, М. ., & Жанпейісова, К. . (2022). Қазақстанныңбілім беру саласындағы сандық трансформация тәжірибесін талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 139(2), 7–17. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/417

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)