Қоғамның саяси жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Қаралымдар: 49 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
Саяси комуникация, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық пікір, саяси технология, саяси лидер, саяси лидер имиджі.Аңдатпа
Тәжірибе көрсеткендей, салыстырмалы тыныш кезеңдерде қоғамдық пікірдің нышандары тексеріліп, салыстырылады және дәлелденеді. Олар пайда болады және жоғалады, бір-бірімен
біріктіріледі және ұмытылады, сонымен бірге олар ешқашан бүкіл топтың көңіл күйінің толыққанды
ұйымдастырушысы бола алмайды. Барлық уақытта БАҚ мемлекеттің, топтардың, алуан түрлі жеке
тұлғалардың, ұлттың мүдделерін білдіре отырып, саяси процестің тікелей қатысушысы болған және болып қала бермек. Осыған байланысты мемлекет барлық уақытта БАҚ-қа бақылау орнатуға ұмтылғанын
байқауға болады. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін сақтау және ақпарат бостандығы демократиялық саяси режимнің тікелей көрінісі екенін атап өткен жөн.