Оңтүстік Кореядағы ТМД елдерінен келген этникалық кәрістерді қоғамға интеграциялау тәжірибесі


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 16

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-92-104

Кілт сөздер:

репатриант, корё сарам, корёин, тарихи отанға қайта оралу миграциясы, этникалық кәрістер, кәрістер, Орталық Азия кәрістері, көші-қон саясаты

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар Оңтүстік Корея елінің этникалық кәрістерді көшіруге байланысты көші-қон саясатын жан-жақты қарастырды. Соңғы деректерге сәйкес Оңтүстік Кореяға ТМД елдерінен келген «корёин» немесе «корё-сарам» деп аталып кеткен этникалық кәрістердің саны 800 000 жетіп қалды. Сондықтан қабылдаушы мемлекет тарапынан оларды корей қоғамына интеграциялау мәселесі бүгінгі күні өзекті болып отыр.  

Авторлар тарихи, контент-анализ және өмірбаяндық әдістерді қолдану негізінде  кәріс репатрианттарының көші-қон тарихын кезең-кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, олардың тарихи отанға қайту себептерін анықтауға тырысады. Оңтүстік Кореяның этникалық кәрістерді тарихи отанына тартудың негізгі себебі – елдегі тапшы арзан жұмыс күшінің орнын толтыру болып табылады. Ал репатрианттардың Оңтүстік Кореяға көшу себебі – өмір сүру сапасын, экономикалық жағдайын жақсарту мақсатымен тығыз байланысты.

Алайда қабылдаушы мемлекет тарапынан барлық жасалынған қолайлы жағдайға қарамастан, репатрианттар корей қоғамына интеграциялануда бірқатар қиындықтарға тап болғаны айқындалды. Бірінші кезекте бұл – тіл мәселесі болып саналады. Соған байланысты лайықты жұмыс табу басты проблема күйінде қалып отыр. Осыған байланысты көшіп келген этникалық кәрістер осы мәселелерді шешу үшін өз ішінде желілерді құра бастады. Бұл оқшауланған жабық қауымдастықтар бір жағынан этникалық кәрістердің қабылдаушы қоғамға интеграциялануына үлкен кедергі болса, екінші жағынан, корей қоғамында тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін қатер туғызып отыр.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бюлегенова, Б., Шакеева, Б., & Корганова, С. (2025). Оңтүстік Кореядағы ТМД елдерінен келген этникалық кәрістерді қоғамға интеграциялау тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 92–104. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-92-104

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)