Цифрлық трансформация жағдайында Қазақстандағы халықтың қартаюы: саяси-құқықтық және әдеби шолу
Қаралымдар: 70 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-123-142Кілт сөздер:
халықтың қартаюы, қарттар, өмір сапасы, цифрландыру, әл-ауқат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық трансформацияАңдатпа
Қазіргі әлем үздіксіз дамуда, әлемдік қауымдастықтарда жаңа тенденциялар, процестер, қиындықтар пайда болуда. Осындай процестердің бірі-халықтың қартаюы. Бүгінгі таңда Қазақстан адам жасының құрылымындағы өзгерістердің алдында тұр. Сондықтан алдын алу шаралары халықтың қартаю процесіне байланысты болжамды экономикалық және әлеуметтік қиындықтарды түзете алады. Егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартудағы бірінші кезектегі міндет медициналық-әлеуметтік көмекті, экономикалық қолдауды жетілдіру екені анық. Алайда, егде жастағы халықтың толыққанды өмір сүруі олардың қоғамдық-саяси өмірге араласуынсыз мүмкін емес және бұл процесс цифрландыру үрдістерімен тікелей байланысты. Диджитал трансформация-бұл ғаламдық құбылысы және қазіргі адамның шындығы. Қазақстанда медициналық, әлеуметтік, құқықтық, қаржылық және басқа да қызметтерді алу түрлі электрондық қосымшаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады, мысалы damumed.kz, eGov.kz, kaspi.kz, және бұл жалпы цифрландыру процесінің аз ғана бөлігі. Үшінші буын адамдарын цифрлық кеңістікке толыққанды қосу олардың өмір сүру сапасына, мемлекеттің әлеуметтік және саяси өміріне белсенді қосылуына және жалпы әл-ауқатының өсуіне оң әсер етуі мүмкін. Осы саладағы жүйелі өзгерістерді енгізу үшін қолда бар саяси-құқықтық базаны, категориялық аппаратты, мәселеге ғылыми қызығушылық дәрежені, сондай-ақ Қазақстандағы егде жастағы халықтың жағдайын реттеу саласындағы мемлекеттік бастамаларды жан-жақты талдау қажет. Сонымен, осы мақаланың мақсаты қоғамның цифрлық трансформациясы контекстінде Қазақстан Республикасындағы халықтың қартаюының саяси-құқықтық және ғылыми базасын талдау болып табылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.