Ұқсас мүдделер және әр түрлі стратегиялар: Орталық Азиядағы Қытай мен Ресейдің алатын орны бойынша салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 32

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-46-62

Кілт сөздер:

Қытай, Ресей, Орталық Азия, аймақтық саясат, тұрақтылық

Аңдатпа

Тәуелсіздік алғаннан бері Орталық Азияның бес республикасы, Ресей және Қытай өздерінің сыртқы саяси мақсаттарын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл аймақтағы ірі державалардың әртүрлі тәсілдері мен стратегиялары арасында бәсекелестіктің өсуіне әкелуде. Мақаланың басты мақсаты – Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы қарым-қатынастарының динамикасын зерттеп, олардың стратегияларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтауға тырысу. Мақала авторлары Қытай мен Ресей арасындағы Орталық Азиядағы дамып келе жатқан қарым-қатынастарды талдап, олардың тоғысу және айырмашылықтарын бөліп көрсетіп, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке тигізетін салдарын зерттеуге әрекет жасайды. Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалының аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсеріне назар аудара отырып, бұл зерттеу саяси, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін жан-жақты талдауды қолданады. Екі державаның тарихи алғышарттары мен аймақтық саясаттарын талдау арқылы Қытай, Ресей және Орталық Азия арасындағы дамып келе жатқан қарым-қатынастар туралы құнды ақпарат ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Супыалдияров, И., Алиева, С., & Супыалдиярова, Д. (2025). Ұқсас мүдделер және әр түрлі стратегиялар: Орталық Азиядағы Қытай мен Ресейдің алатын орны бойынша салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 46–62. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-46-62

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар