Посткеңестік кеңістіктегі саяси жүйелерді салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 104
Кілт сөздер:
саяси жүйе, саяси партия, азаматтық қоғам, Конституция, демократия, референдумАңдатпа
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына енгізілетін елеулі өзгерістер талданды. Мемлекеттің саяси өмірінің басым бағыттары айқындалды. Конституциялық институттардың даму тарихы көрсетілген. Таяу шет елдер Конституцияларының мәселелері қаралды. Посткеңестік кеңістіктегі конституциялық өзгерістерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Биліктің саяси режиміне қатысты негізгі мәселелер анықталды. Конституциялық құқық субъектілерінің құрылымы зерттелді. Мемлекеттің саяси жүйесі туралы түсінік берілді. Саяси жүйелердің даму кезеңдері қарастырылған. Азаматтық қоғамның саяси партиялардың белсенділігіне әсері талданды. Бұрынғы КСРО елдерінде саяси жүйелердің қалыптасу тарихы баяндалған. Саяси партиялардың белсенділігі төмен мәселелері зерделенді. Саяси институттарды қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамды күшейту жолдары анықталды. Көппартиялылық мәселесі қаралды. Шынайы демократия, бай руханият, әлеуметтік әділеттілік, бостандық және өркендеген экономика принциптері ашылды. Азаматтық қоғам әлеуметтік демократияның үстемдігінсіз толық қалыптаса алмайтындығы туралы дәлелдер келтірілген. Мемлекеттік органдарға қоғамдық бақылауды күшейту жолдары қарастырылды. Қазақстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Беларусь және посткеңестік кеңістіктегі басқа да елдердің саяси жүйелерінде күшті және әлсіз жақтар анықталды. Нақты саяси партиялардың қызметі қаралды. Қазақстан мен Ресейдегі билік партиясының жұмысына мониторинг жүргізілді. Саяси партияларды жеңілдетілген құру тәсілдері қарастырылды. Посткеңестік кеңістіктегі конституциялық реформалардың маңыздылығы анықталды.