Түркия түркологиясы контекстінде қазақ әдебиетіндегі әңгімені қарастыру
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 243
Кілт сөздер:
Hikâye, Äñgime, Hikâyecilik, Kazak Edebiyatında Hikâyecilik, Sözlü Edebiyat, Yazılı EdebiyatАңдатпа
Бұл мақалада Қазақ әдебиетінің шындыққа жақын немесе ойдан шығарылған шағын
көркем шығармалары болып есептелетін әңгіме жанрының Қазақ прозасынаң қалыптасу кезеңдері
туралы мағлұмат беру көзделеді. Қазақ халқы өткен ғасырларда бастан кешірген соғыстардың,
ашаршылықтың іздерін алып жүрген әңгімелер қазақ халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің
өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бастауын халық ауыз әдебиетінен алған әңгіме жанры Қазақ
халқының тұрмыс-салтын, күнделікті тіршілігін баяндайтын ауызша әңгімелердің бірте-бірте
жазба әдебиетінде де орын алуына, дамуына байланысты талдаулар жасалады. Қазақ халқының
мәдениетінің, дінінің, тілінің «әңгімелер» арқылы көрініс табуы, сонымен қатар әңгімелеу стилінің
өзіндік ерекшеліктері Түркия Түкология тұрғыдан қарастырылады.