Зеки Велиди Тоғанның еңбектері бойынша Түркияның гумманитарлык-саяси ғылымдарының модернизациялауы
Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 145
Аңдатпа
Бұл мақалада Түркияның тарих ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым
З.В. Тоғанның интеллектуалдық дамуы мен түркі бірлігі туралы идеялары талданған. Оны жалпы
түркі халықтарының, соның ішінде Түркияның тарихын зерттеген көрнекті ғалымдардың бірі
деуге негіз бар. Ол Түркия Республикасының қалыптасу және даму кезеңінде тарих ғылымының
негізін салушы ретінде танылады. З.В. Тоғанның зерттеу әдістемесін жан-жақты түсінуге мүмкіндік
беретін “Türk Yurdu” журналында жарияланған еңбектерге ерекше назар аудару қажет. Ол шетел
тілдерін, әсіресе араб және парсы тілдерін білудің, шетелдік ғалымдармен тығыз ынтымақтастық
орнату қажеттілігіне аса үлкен мән берген. Саяси себептермен З.В. Тоған Еуропаға барып, сонда
үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Халықаралық деңгейде танылған соң Түркияға келіп, Ыстамбұл
университетінің профессоры қызметін атқарды. Бұл Түркия тарихнамасының қалыптасуына
серпін береді. Көпшілігімен тығыз байланыста болған батыс түркологтарына қараған З.В. Тоған
түрік тарихшыларынан олардың еңбектерінің батыс тілдеріне аударылуын, тарихи мәселелерді
жариялауда өздері де бейтарап болуды талап етті. З.В. Тоған түркі халықтарының тарихын жақсы
білген, олардың мәдени бірлігі үшін күрескен ғалым. Оның идеялары мен ойлары “Türk Yurdu”,
“Yurt Bilgisi”, “Orhun” сияқты басылымдардағы мақалаларында жақсы байқалады, ал “Tarihte Usul”
атты еңбегі бүгінгі тағда көптеген ғалымдардың алдында тарихтың өзекті мәселелерін зерттеуде
пайдаланылатын анықтамалық кітап болып табылады.