Әлеуметтік желілердің Қазақстанның қазіргі саяси жағдайына әсері


Қаралымдар: 312 / PDF жүктеулері: 1180

Авторлар

  • Дмитриева А.С.
  • Тулиндинова Ж.К.
  • Умаров A.A.

Аңдатпа

Бұқаралық ақпарат құралдарының цифровизациясы мен әлеуметтік желілердің
әлемдегі қарқынды дамуы жұртшылықтың қоғамды алаңдататын, маңыздылығы жоғары
экономикалық және саяси ахуал туралы білімін арттырды. Мақалада қазақстандықтардың саяси
мінез-құлқының өзгеруін қалыптастыратын трансформациялаушы фактор ретінде әлеуметтік
желілерді пайдалану ерекшеліктері қарастырылады. Автор танымал әлеуметтік желілер арқылы
азаматтық қоғамның Қазақстанның саяси ортасымен өзара әрекеттесуін қарастырады. Атап
айтқанда, шығарылған ақпараттың сапасына ерекше көңіл бөлінді, себебі әлеуметтік желілер
арқылы саяси алдап-арбау жасау үшін кең мүмкіндіктер береді. Зерттеуді жүзеге асыру мақсатында
ақпарат жинау әдісі арқылы 18 жастан 50 жасқа дейінгі қазақстандықтарға сауалнама жүргізілді,
онда респонденттердің негізгі жас диапазоны 18 жастан 25 жасқа дейінгі аралықта шоғырланды.
Жүргізілген талдаудың негізінде әлеуметтік желілердің қазақстандық қоғамның саяси көзқарасына
әсерінің артуы анықталды, себебі респонденттердің көп бөлігі өздерінің саяси көзқарасын анықтауда
әлеуметтік желілерден алған ақпаратқа сәйкес саяси көзқарастарын таңдауға шешім қабылдағанын атап өтті. Нәтижелері қоғамның саяси көзқарасына әлеуметтік желілердің қалай әсер ететінін және
қоғамның саяси өмірге енуіне немесе бас тартуына цифрлық медиа арқылы ықпал етуге болатынын
көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

12.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.С., Д., Ж.К., Т., & A.A. У. (2023). Әлеуметтік желілердің Қазақстанның қазіргі саяси жағдайына әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 37–49. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/150

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар