Қытай мен Түркия арасындағы технологиялық ынтымақтастықты дамытудағы «Цифрлық Жібек жолының» маңызы


Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-127-139

Кілт сөздер:

Цифрлық Жібек Жолы, цифрлық технологиялар, халықаралық ынтымақтастық, жаһандық инновация, цифрлық инфрақұрылым, цифрлық әріптестік, инвестиция, сауда, технология, 5G, жасанды интеллект, электрондық коммерция, геосаясат

Аңдатпа

Мақала Қытай мен Түркия арасындағы технологиялық сектордағы инвестициялар мен сауданы арттыру үшін «Цифрлық Жібек жолы» бастамасы ұсынатын мүмкіндіктерді қарастырады. Екі елдің стратегиялық геосаяси орналасуы, технологиялық артықшылықтары мен әлсіз тұстары талданып, бірлескен жобалар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін ықтимал синергиялар қарастырылады. Зерттеу инфрақұрылымды дамыту, цифрлық қаржы, электрондық коммерция және жасанды интеллект секілді ынтымақтастық әлеуеті жоғары нақты салаларды қамтиды. Сонымен қатар реттеушілік кедергілер, киберқауіпсіздік мәселелері және ықтимал геосаяси күрделіліктер сияқты ынтымақтастық барысында туындайтын сын-қатерлерге талдау жасалады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, мүмкіндіктері мен сын-қатерлері, сондай-ақ екіжақты қатынастардың дамуына ықпал ететін геосаяси контекст қарастырылады. Цифрлық әріптестікті тереңдетуге байланысты екі ел үшін артықшылықтар мен тәуекелдер талданады.

Мақалада «Цифрлық Жібек жолы»  тұжырымдамасы Бір белдеу, бір жол (BRI) бастамасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде сипатталып, оның Қытай мен Түркия арасындағы циф рлық өзара іс-қимыл үшін маңызы талданады. Келесі буын байланыс желілері, электрондық коммерция, жасанды интеллект, үлкен деректер және соған байланысты технологияларды қамтитын цифрлық инфрақұрылымға ерекше назар аударылады. Зерттеу Қытайдың шетелде циф рлық күн тәртібін ілгерілетудегі стратегиялық бағыттарын, сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын өңірлік технологиялық хаб ретіндегі Түркияның маңызды рөлін қарастырады. Цифрлық платформаларға инвестициялар, технология трансфері және бірлескен инновациялық жобалар секілді екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі мүмкіндіктері зерделенеді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың тәуекелдері мен шектеулері талданып, киберқауіпсіздік, цифрлық егемендік және геосаяси бәсекелестік мәселелері айқындалады. Зерттеу қорытындысы бойынша, ұлттық мүдделерді қорғау мен тиімді реттеу тетіктерін сақтау жағдайында «Цифрлық Жібек жолы» Қытай–Түркия цифрлық ынтымақтастығының маңызды қозғаушы күшіне айналуда.

Жүктеулер

Жарияланды

30.06.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Беркінбай A. ., Биримкулова G. ., & Назарова K. . (2026). Қытай мен Түркия арасындағы технологиялық ынтымақтастықты дамытудағы «Цифрлық Жібек жолының» маңызы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 155(2), 127–139. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-127-139

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану