«Codex Cumanicus» жазба ескерткіші тіліндегі діни ұғымдар: түркілік таным және семантикалық эволюция
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-246-257Кілт сөздер:
«Codex Cumanicus», діни лексика, көне түркілік наным-сенім, ортағасырлық жазба ескерткіш, түркі тілдері, тарихи терминологияАңдатпа
Мақалада ортағасырлық «Codex Cumanicus» жазба ескерткішіндегі діни лексикаға лингвистикалық талдау жасалған. Зерттеу нысаны ретінде payγambar (пайғамбар), šeriat (шариғат), oruç (ораза), qurban (құрбан), sadaqa/sadaγa (садақа), täube (тәубе), šükür (шүкір), sabur (сабыр), medet (медет), niуet (ниет) сияқты діни ұғымдар алынған. Мақалада ортағасырлық жазба ескерткіш тілінде қолданылу ерекшеліктері, фонетикалық сипаттары және тарихи дамуы қарастырылған. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, фонетикалық және семантикалық әдістер қолданылып, араб-парсы тілдерінен енген терминдердің түркі тілдік ортаға бейімделу ерекшеліктері анықталған. Нәтижесінде ескерткіш тіліндегі діни лексика жүйелі қалыптасқаны, түркілердің діни-танымдық жүйесіндегі рөлі көрініс тапқаны көрсетілген. Мақала нәтижелері түркі тілдерінің тарихи лексикологиясы мен діни терминологиясын зерттеуде маңызды ғылыми дереккөз болып табылады. Авторлар аталған діни лексиканың семантикалық құрылымын талдай отырып, ортағасырлық қыпшақ тіліндегі конфессионалдық терминдердің қалыптасу заңдылықтарын айқындайды. Зерттеу барысында исламдық ұғымдардың түркілік дүниетаныммен тоғысуы нәтижесінде пайда болған лингвомәдени ерекшеліктерге баса назар аударылған. Осы орайда, қарастырылып отырған терминологиялық қабаттың қазіргі қазақ тілінің лексикалық қорымен генетикалық сабақтастығы ғылыми негізде дәйектеледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




