Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы


Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-50-63

Кілт сөздер:

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Қазақстан, экология, ынтымақтастық, климат, қауіпсіздік

Аңдатпа

Мақалада БҰҰ мен Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен ерекшеліктері көрсетілген, қол қойылған құқықтық актілер талданады. Ресми дереккөздерді, сондай-ақ отандық және шетелдік әдебиеттерді талдау негізінде экологиялық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобалар мен бастамалар қарастырылады. Қазіргі кезеңде БҰҰ мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастар алдында тұрған негізгі мәселелер мен міндеттер пайымдалады, мәселен, қаржыландыру, институционалдық әлеуеттің төмендігі, жаңа технологияларды енгізу проблемасы және т.б. Бұл осы аспектілер бойынша мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын талдау Республиканың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуына әсер етуінің толық бейнесін ашып көрсетеді. Жүргізілген зерттеудің практикалық маңыздылығы мемлекеттік органдардың жаңа экологиялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде оның нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен айқындалады. Жұмыста тұжырымдалған қорытындылар өңірлік экологиялық проблемаларды шешудегі халықаралық ұйымдардың рөлін ғылыми тұрғыдан тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибрагимова, Г. ., & Амиров, А. (2026). Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 50–63. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-50-63

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)