Замануи Еуропадағы «Германия үшін балама» партиясының үдемелі танымалдылық феномені


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 31

Авторлар

  • Г.Е. Ибрагимова
  • А.М. Караманов

Кілт сөздер:

еуроскептицизм, оңшыл популистік партиялар, Германия үшін балама, Германия, популизм, парламент сайлауы.

Аңдатпа

Бұл мақалада «Германия үшін балама» (ГҮБ) партиясының 2012 жылы құрылу кезеңінен
2017 жылғы парламент сайлауында танымалдылығының шұғыл өсу кезеңіне дейінгі даму тарихы қарастырылады. Мұнда партияның басқарушы позицияларына аса оңшыл саясатшылардың келуінің нәтижесінде дамыған еуроскептикалық риториканың күшеюіне шолу мен қазіргі ГФР саясатына бағытталған
сынға ерекше мән берілген.
Мақалада аталған партияның дамуы барысында еуроскептицизм партияның ауқымды оңшыл популистік бағдарламасының құрама бөліктерінің біріне айналғандығы туралы қорытынды жасалған. Сондай-ақ, Баламаға неміс электоратының кенеттен көп қолдау көрсетуі және партияның Бундестагта басты
оппозициялық күш дәрежесін алуы ГФР истеблишменті үшін еуроинтеграция үрдістерін алдағы уақытта тереңдету бойынша позициясын қорғау мәнмәтінінде маңызды факторға айналғандығы айқындалды.

Жүктеулер

Жарияланды

03.12.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ибрагимова, Г. ., & Караманов, А. . (2020). Замануи Еуропадағы «Германия үшін балама» партиясының үдемелі танымалдылық феномені. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 133(4), 63–75. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/531

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар