Авторларға арналған нұсқаулық

Журнал редакциясы авторлардан ережелермен (журнал туралы жалпы ақпаратты, мақалаларды қарау тәртібін, авторларға арналған нұсқаулықты, жарияланым этикасын қамтитын журналдың редакциялық саясатымен) танысуды және журналға жіберілетін жұмыстарды әзірлеу кезінде осы тәртіпті ұстануды сұрайды. Белгіленген ережелерді ұстанбау мақаланың жариялануын кешіктіреді.

1. Барлық авторлар журналдың ресми сайтында тіркелуі керек: https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/index,

Авторлар логин мен пароль арқылы, мақаланы жіберіп және оның статусын жеке кабинет арқылы қадағалай алады.

2. Авторлар редакцияға 3 файл жібереді: аты-жөні бар мақала, аты-жөні жоқ мақала, ілеспе хат.

3. Автордың мақаланы редакцияға жіберуі (авторлардың) баспагер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналда мақала басып шығару және оны кез келген шет тілінде қайта басу құқығына келісімін білдіреді.

4. Редакцияға (ашық журнал жүйесі (OJS) арқылы) мақаланың және ілеспе хаттың Word файлдары ұсынылады (бет – А4, барлық жағынан шеттер – 20 мм. Шрифт: Times New Roman, өлшемі 14).

ХҒТАР http://grnti.ru/ бірінші жол, сол жақ; автор(лардың) инициалдары мен тегі – ортасына туралау, курсив; ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет (егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, автордың аты-жөнінің және тиісті ұйымның қасына белгі қою керек; автор(лар)дың электронды поштасы – жақшада курсивпен; мақаланың тақырыбы – ортасына қою қара шрифтпен). 

Естеріңізге сала кетейік, авторлар қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек, олардың біреуінде авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы ақпарат) қамтылмауы қажет, себебі «екіжақты жабық» рецензиялауда анонимді мәтін талап етіледі. Сондай-ақ, автор(лар) Ілеспе хат ұсынуы қажет. Мақала файлдарын мақала тақырыбының алғашқы 4-5 сөзімен атау керек (мысалы: 1. Оқыту әдістемесі туралы – автормен файл; 2. Оқыту әдістемесі туралы – авторсыз файл).

5. Мақала көлемі 16 бетен аспауы қажет (6 беттен бастап). Мақала көлеміне қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі, референс, авторлар туралы мәліметтер есептелмейді. Көрсетілген көлемнен асатын жұмыстар журналдың редакция алқасының айрықша шешімі бойынша ерекше жағдайларда жариялауға қабылданады.

6. Жұмыс мәтіні ХҒТАР айдарынан басталады. (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/), ары қарай автордың(лардың) аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) е-mail, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.

Аңдатпа зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Аңдатпа мақаланың дербес бөлігі бола отырып, түсінікті етіп жазылуы керек. Онда көлемді формулалардың болмауы, мазмұны бойынша мақала атауын қайталамауы, жұмыс мәтіні мен әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы тиіс, мақаланың қысқаша мазмұны, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланы толығымен оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу объектісін сипаттаудан басталып, мәселелерді және қолданылған әдістерді, көрнекті нәтижелерді және олардың маңыздылығын баяндау керек. Қажет болған жағдайда белгіленген терминологияны пайдалану керек. Аңдатпа көлемі 150-200 сөзді құрайды.

Түйін сөздер (7 сөзден немесе сөз тіркестерінен көп емес) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі; зерттеудің пәндік саласын анықтауы; мақала мәтінінде кездесуі тиіс сөздер. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.

Журналдың ықтимал авторлары тақырыптарға сәйкес мақала құрылымы (кіріспе, мақсаттар, тарих, зерттеу әдістері, нәтижелер/талқылаулар, қорытынды/тұжырымдар) туралы келесі ережелерді ұстануы керек.

- Мақала мәтінін түсінуді қамтамасыз ету үшін қажетті белгілер мен анықтамалар;

- Мақала тақырыбы бойынша нәтижелер қашан және қайдан алынғанына сәйкес толық сілтемелермен мәселені тұжырымдау туралы тарихи ақпарат;

- Кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі ретінде мақаланың міндетін анықтау қажеттілігі мен өзектілігін негіздеу;

- Мақалада келтірілген мәселенің шешімін нақты тұжырымдау және сипаттау;

- Мақала нәтижесі (нәтижелері) жаңалығының толық негіздемесі;

- Ұсынылған нәтижелер толық негіздемелермен қамтамасыз етілуі керек.

Осы талаптардың бірі сақталмаған жағдайда мақала қарастыруға қабылданбайды.

7. Кестелер жұмыс мәтініне тікелей енгізіледі, олар нөмірленіп, жұмыс мәтінінде оларға сілтеме берілуі тиіс. Суреттер, графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттерді 600 dpi рұқсатымен орындау қажет. Суреттерде барлық мәліметтер, белгілер нақты, айқын көрсетілуі керек.

8. Әдебиеттер тізімінде тек жұмыс мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер (дәйексөз ретінде немесе ағылшын алфавитінің ретімен нөмірленген) болуы керек. Нәтижелері дәлелдемелерде қолданылатын жарияланбаған жұмыстарға сілтемелер жасауға рұқсат етілмейді.

Келтірілген дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға келесі нұсқауларды орындау ұсынылады: барлық сілтемелерде ағылшын тілінде библиографиялық деректер болуы керек; сілтемелердің кемінде 50%-ы Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелуі тиіс; сілтемелердің кемінде 50% он жылдан жоғары болмауы керек, оның жартысы 3 жылдан жоғары болмауы керек; пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі мақала авторлары мен бірлескен авторлары жарияланымдарының рұқсат етілген саны жалпы санның 20%-нан аспауы тиіс.

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары (ГОСТ 7.1-2003 " Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері»):

Кітапты рәсімдеу:

а) Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб.: Питер.Ком. – 1999. – 720 с.

Журнал мақалаларын рәсімдеу:

б) Забродин Ю.М. Методологические проблемы исследования и моделирования функциональных состояний человека-оператора // Вопросы кибернетики. Психические состояния и эффективность деятельности. – 1983. – Т. 3. № 25. – С. 15-21. doi: … (болған жағдайда).

Конференция материалдарын рәсімдеу:

в) Семенова В.Г. Самостоятельная работа студентов как важнейшая форма организации учебного процесса в рамках компетентностной модели образования // Организация самостоятельной работы студентов: материалы докладов ІІ Всероссийской научно-практической интернет-конференции. – Саратов: Новый проект, 2013. – С. 10-15.

Газет мақалаларын рәсімдеу:

г) Ахметова Н.Р. Психология студенческого возраста // Педагогический вестник. – 2009. – № 12. – С. 4.

Журнал мақалаларын рәсімдеу (ағылшын тілінде):

д) Pundak D., Herscovitz O., Shacham M., Wiser-Biton R. Instructors’ attitudes toward active learning //Interdisciplinary Journal of E-Learning and Learning Objects. – 2009. – Vol. 5. – P. 215-232.

Интернет ресурстарды рәсімдеу:

  1. e) Baldwin G. The teaching-research nexus: How research informs and enhances learning and teaching in the University of Melbourne. [Электронды ресурс] – 2005. – URL: http://www.cshe.unimelb. edu.au/ (қаралған күні:08.2017)
  2. Әдебиеттер тізімінен кейін библиографиялық деректерді (мақаланың атауы, автордың(лардың) аты-жөні, ұйымның толық атауы, қаласы, елі, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер) орыс және ағылшын тілдерінде (егер мақала қазақ тілінде рәсімделсе), қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде рәсімделсе) және қазақ және орыс тілдерінде (егер мақала ағылшын тілінде рәсімделсе) көрсету қажет.
  3. Содан кейін әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөліктерінің тіркесімі келтірілген. Транслитерация сілтеме бойынша http://translit-online.ru/ онлайн аудармашыны пайдалану арқылы келтіріледі. Бұл онлайн аудармашы қазақ әліпбиінің өзгеше әріптерінің транслитерациясын жүргізбейді. Мұнда авторлар қазақ мәтінін транслитерациялағаннан кейін келесі ережелерді басшылыққа ала отырып, түзету енгізуі тиіс:

ә

ғ

ң

ө

ү

ұ

қ

і

a

g

n

o

y

y

k

i

 

9. Әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөліктері тіркесімінің мысалы:

Book design:

А) Rubinstein S.L. Osnovy obshhej psihologii [Basics of general psychology] (Piter.Kom., SPb, 1999, 720 p.). [in Russian]

Journal article design:

В) Zabrodin Ju.M. Metodologicheskie problemy issledovanija i modelirovanija funkcional’nyh sostojanij cheloveka-opеratora [Мethodological problems of studying operator functional state modeling], Voprosy kibernetiki. Psihicheskie sostojanija i jeffktivnost’ dejatel’nosti [Questions of cybernetics. Mental status and performance], 3(25), 15-21 (1983). [in Russian]

Conferences proceedings design:

С) Semenova V.G. Samostoyatel’naya rabota studentov kak vazhneyshaya forma organizatsii uchebnogo protsessa v ramkakh obrazovatel’noy kompetentnostnoy modeli [Independent work of students as the most important form of organization of educational process within the educational competence model], Organizatsiya samostoyatel’noy raboty studentov: materialy dokladov II Vserossiyskoy nauchnoprakticheskoy internet-konferentsii, Saratov: Novyy proyekt [Organization of independent work of students: materials of reportsof the II all-Russian scientific-practical Internet-conference, Saratov: New project], 10-15 (2013). [in Russian]

Newspaper articles design:

D) Ahmetova N.R. Psihologija studencheskogo vozrasta [Student psychology], «Pedagogicheskij vestnik» [Pedagogical messenger], 12, 4 (2009). [in Russian]

Аrticle from the journal in English design:

E) Pundak D., Herscovitz O., Shacham M., Wiser-Biton R. Instructors’ attitudes toward active learning, Interdisciplinary Journal of E-Learning and Learning Objects, 5, 215-232 (2009).

Internet resources design:

F) Baldwin G. The teaching-research nexus: How research informs and enhances learning and teaching in the University of Melbourne. [Electronic resource] - Available at: http://www.cshe.unimelb.edu. au/.htm (accessed 15.08.2017).

Егер дереккөздің ресми аудармасы болса және ол ағылшын тілінде де жарияланса, онда әдебиеттер тізімінің ағылшын және транслитерацияланған бөлігінің тіркесімінде ағылшын тіліндегі ресми аудармасын көрсету қажет.

Мысалы, мақала:

Баилов Е.А., Сихов М.Б., Темиргалиев Н. Об общем алгоритме численного интегрирования функций многих переменных // Журнал вычислительной математики и математической физики. – 2014. – Т.54. – № 7. – С. 1059-1077.

Ресми аудармасы бар:

Bailov E.A., Sikhov M.B., Temirgaliev N. General algorithm for the numerical integration of functions of several variables, Computational Mathematics and Mathematical Physics. – 2014. – Vol. 54. – Issue 7. – P. 1061-1078.

10. Бұдан кейін авторлардың әрқайсысы бойынша мәліметтер енгізіледі (аты-жөні, ғылыми атағы, мекенжайы, қала, мемлекет, телефон, е-mail - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде).