Қазақ және түрік тілдеріндегі контрфактуализм


Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

  • Исаханова M.M.
  • Мустафаева A.A.
  • Айтбаева Б.M.

Кілт сөздер:

контрфактуализм, клаузула, негізгі сөйлем, сөзжасам, қазақ тілі, түрік тілі, морфология, туынды зат есім, егер, еді

Аңдатпа

Контрфактуализм философия, логика, психология, тарих, бала дамуы және тіл
білімі сияқты пәнаралық салаларда қолданылады. Контрфактуализм тіл философиясының
эмпирикалық зерттеулеріне кіреді, ал тіл біліміндегі контрфактуализм орындалмайтын шартты
сөйлемдер болып табылады. Философияда мүмкін емес немесе орындалмайтын контрфактуалды
мәселелер (дүниелер) көбірек талқыланып, оларға ойлау эксперименттері де жүргізілуде. Мүмкін
дүниелер теориясын нақты, дегенмен мүмкін емес дүниелерге қарай кеңейту қажет. Шартты
контрфактуалдар фактілерге қарама-қайшы сөйлемдермен қатар қолданылып, сіз білмейтін
нәрселерді әдейі айтқандай: «Қазір жаз болса, мен ыстық елде өмір сүрер едім» (қазір жаз емес,
сонымен қатар мен жылы елде тұрмаймын). Мұндай түркес пен сөйлемдер күнделікті өмірде,
ғылымда (мәселен, ойлау экспериментінде) және көркем әдебиетте кеңінен қолданыс табады. Соңғы
жылдары тарих пен лингвист ғалымдарының еңбектерінде «Егер..., онда...» сияқты конструкциялар
жиі кездесетін болды. Сондықтан «баламалы немесе альтернативті күн», «эксперименттік күн»,
«виртуалды күн», «сәтсіз күн» және т.б. тіркестер қалыптаса бастады. Бұл тақырып бойынша көптеген
зерттеулер жарияланды. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қазақ және түрік тілдеріндегі
қарама-қайшылықты сөйлемдердің қызметі мен синтаксисі қарастырылады. Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділер II Жанталас» атты қазақ романы мен оның «Гөчебелер - II Жан Чекишме» атты
Абдулуахап Қара, Исмаил Доған, Мұрат Айдынлы тарапынан жасалған түрік тіліне аудармасындағы
контрфактивті сөйлемдер талқыланады. Әдіс ретінде Лайонс (1977), Деклерк (2011) және Кумакири
(2013) зерттеулеріне негізделе отырып, Узюм (2020; 123) ұсынған классификация қолданылады.
Мысалы, қазақ тілінде өткен шақ «еді» арқылы жасалса, түрік тілінде eğer, keşke арқылы жасалады.
Зерттеу жұмысында қазақ және түрік тіліндеріндегі контрфактуалды шартты сөйлем ұғымы мен
жіктелуіне, контрфактуалды сөйлемдер, шартты сөйлемдерге екі тілде де мысалдар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

01.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

M.M., I. ., A.A., M., & Б.M. A. . (2023). Қазақ және түрік тілдеріндегі контрфактуализм. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 168–178. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/59

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану